Әлем

Жапония үкіметі отставкаға кетті

© AFP 2024 / POOLЛидер правящей Либерально-демократической партии Японии Фумио Кишида (слева) разговаривает с журналистами в штаб-квартире партии в Токио 4 октября 2021 года перед сессией парламента, чтобы утвердить его в качестве нового премьер-министра Японии
Лидер правящей Либерально-демократической партии Японии Фумио Кишида (слева) разговаривает с журналистами в штаб-квартире партии в Токио 4 октября 2021 года перед сессией парламента, чтобы утвердить его в качестве нового премьер-министра Японии - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.10.2021
Жазылу
Үкіметтің бұрынғы құрамынан жаңа кабинетке үш адам өтеді: сыртқы істер министрі, қорғаныс министрі және білім министрлігін басқарған Коити Хагиуда экономика, сауда және өнеркәсіп министрі болады

АЛМАТЫ, 4 қазан – Sputnik. Премьер-министр Есихидэ Суга бастаған Жапония үкіметі толық құрамда отставкаға кетті, деп хабарлады РИА Новости Киодо агенттігіне сілтеме жасап.

2020 жылдың қыркүйегінде премьер-министр болған Суга қыркүйектің басында кандидатурасын партия жетекшісі лауазымына ұсынудан бас тартқанын мәлімдеді. Бұл оның министрлер кабинетінің басшысы қызметінен кетуін білдірді. Өткен аптада партия сайлауында 2012-2017 жылдары сыртқы істер министрі қызметін атқарған Фумио Кисида жеңіске жетті.

4 қазанда Жапония парламентінің екі палатасы премьер-министрдің кандидатурасына дауыс береді. Содан кейін ол министрлерді тағайындайды. Үкімет басшысы партиялар ұсынған кандидаттың көп дауыс жинауы арқылы таңдалады. Әдетте бұл – партия жетекшілері. Осылайша парламентте көп орынға ие партияның басшысы премьер-министр болады. Қазір Либералды-демократиялық партия парламентте көп орынға ие болып отыр. Демек Жапонияның жүзінші премьер-министрі Фумио Кисида болады.

Саясаткер бүгін үкімет мүшелерін бекітуге ниетті. Үкіметтің бас хатшысы Хирокадзу Мацуно болады.

Үкіметтің бұрынғы құрамынан жаңа кабинетке үш адам өтеді: сыртқы істер министрі Тосимицу Мотэги мен қорғаныс министрі Нобуо Киси лауазымын сақтайды. Ал ғылым және білім министрлігін басқарған Коити Хагиуда экономика, сауда және өнеркәсіп министрі болады.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0