21:13 24 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD426.61
  • EUR509.33
  • RUB5.88
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1419 0 0

Дүйсенбиновтің айтуынша, ірі қалалардың іргесіндегі халық саны көбейіп келе жатқан ауылдарда әлі күнге дейін мәдениет ошағы мен спортзал жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. Мәжіліс депутаты Берік Дүйсенбинов қала маңында орналасқан ауылдарды қолжетімді мәдени және спорт нысандарымен қамтамасыз етудің жаңа бағдарламасын қабылдауды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ақ жол" фракциясының депутаты үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында елдегі ішкі миграциядан туындаған әлеуметтік мәселелерге тоқталды.

Айтуынша, астананың айналасындағы халық саны 25 мыңнан 50 мыңға дейін жететін жаңа ауылдарда әлі күнге дейін жастар бас қосатын, спортпен шұғылданатын бірде-бір спортзал немесе мәдениет ошағы салынбаған.

"Жеңіс пен жеңілістің дәмін татпаған, спортпен шынықпаған, тәрбиесі кем болған жасөспірім рухани да физикалық тұрғыдан  нашар, өзіне сенімсіз, осал болады. Өзі сияқтылардан топ құрып, қалтасына пышақ салып, қылмысқа баруының бір себебі де осы. Қараңғыда топталып көше кезбей, құрдастарымен бірге көкпар тартып, боз кілемде күресіп, алаңда футбол ойнап, спорттың ащы терін татқан бозбала қылмыскер болмас еді", - деп қапаланды Дүйсенбинов.

"Өйткені спорт деген – қарсыласын  құрметтей білуді үйрететін тәрбие көзі. Осыны біздің әлеуметтік және білім беру саласы ұмытқан сияқты", - деп толықтырды депутат. 

Ол ішкі миграция толқынына ілесе алмай, азаматтардың әлеуметтік сұранысына дер кезінде жауап бере алмай келе жатқан үкіметтің назарын тағы да осы мәселеге аударды.

"Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласындағы жемқорлықтың ескерткішіне айналған, құны 2 миллиард долларлық ЛРТ жобасын жоспарлауға жеткен үкіметтің  ақылы неге ауылға керек шағын, қолжетімді спорт залдары мен алаңдарын салуға жетпейді?! Немесе Ақмола облысы Шортанды қаласындағы құны 30 миллиард, көпшілікке керегі жоқ, бүгінде қаңырап бос тұрған шаңғы трамплиннің орнына қазақ баласына қажет, ұлттық спортты жандандыратын жүздеген қысқы жабық ат манеждерін салуға болмас па еді?", - деп ашынды мәжілісмен.

"Полицейлердің өзі білмейді": Мыңбай жүргізуші куәлігін алу емтиханын сынға алды 

Ол қала маңындағы ауылдардың жастарына құны миллиардтан асатын салтанатты спорт сарайлары емес, қолжетімді, тегін істейтін спортзалдар қажет екенін айтты.

Осыған байланысты депутаттар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент агломерациясы мен облыс орталықтарын қоршаған ірі елді мекендердің даму концепциясын қайта қарауды және қала маңына орналасқан, халық саны көбейіп жатқан ауылдарды қолжетімді, пайдалануға ыңғайлы, қарапайым мәдени және спорт нысандарымен қамтамасыз етудің жаңа бағдарламасын қабылдауды ұсынды.

Тақырып бойынша

Ауылда әр отбасының мойнында 900 мың теңге кредит бар – ҰКП төрағасы
"Басқаша сөйлесеміз": Сапарбаев жұмысы шикі басқарма басшыларына шүйлікті
"Мұны есептеуге білімнің де керегі жоқ": Ордабасы мақташылары жанайқайын жеткізді
Кілт сөздер:
мәдениет, ауыл, спорт зал
Загрузка...

Басты тақырып