Әлем

Жапонияда жүзінші премьер-министр тағайындалды

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуНовый премьер-министр Японии Фумио Кисида
Новый премьер-министр Японии Фумио Кисида - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.10.2021
Жазылу
Дауыс беру тікелей эфир арқылы өтті. Басым дауыс санын жинаған жаңа премьер-министр анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 4 қазан - Sputnik. Жапонияда жүзінші премьер-министр тағайындалды. Жапония парламентінің төменгі палатасы осы қызметке дауыстардың басым саны арқылы елдегі билік етуші либералды-демократиялық партияның басшысы Фумио Кисиданы сайлады, деп жазды РИА Новости.

Бұған дейін Фумио Кисида сыртқы істер министрі қызметін атқарған. Кисиданың премьер-министр қызметіне тағайындалуы айқын болатын. Себебін парламентте ол басқарған партия өкілдерінің саны басым.

Бүгін Жапонияда жаңа министрлер кабинеті құрылады және ол айтарлықтай жаңаратын сыңайлы. Ескі үкімет құрамында болған 20 министрдің үшеуі ғана өз қызметінде қалды. Тағы төрт шенеунік те алдыңғы үкімет қатарында министр қызметін атқарған. Ал басқалары бұл қызметке жаңадан келіп отыр.

Жаңа министрлердің қатарында 77 жастағы шенеунік те бар. Ал ең жас министр 44 жаста.

Хирокадзу Мацуно үкіметтің бас хатшысы болып тағайындалды.

Кисида өз қызметіне кіріскеннен кейін парламенттің төменгі палатасын таратуды қолға алатынын айтты. Себебі төменгі палатаның қызмет ету мерзімі аяқталған. Сәйкесінше 31 қазанда елде сайлау өтеді.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0