Қоғам

Алтайдағы университеттер Қазақстан тарихын зерттеуге көмектеседі

© Sputnik / Таалайбек Ороскулов Барнаулда ІІ халықаралық Алтай форумы өтіп жатыр
Барнаулда ІІ халықаралық Алтай форумы өтіп жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.10.2021
Жазылу
Ғалым XVIII-XIX ғасырларда Ертістің оң жағалауын мекен еткен қазақтардың тарихына қатысты материалдар зерделенетінін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 4 қазан — Sputnik. Алтай университеттері қазақтардың тарихын зерттеуге қолдау көрсетеді. Бұл туралы Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры Зиябек Кабулдинов мәлімдеді.

Барнауыл мен Таулы Алтайда Ресей, Германия, Венгрия, Финляндия, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Моңғолиядан келген 300-ге тарта ғалым, тарихшы мен этнографтың қатысуымен ІІ Халықаралық Алтай форумы өтіп жатыр.

Кабулдиновтың айтуынша, Ш.Уәлиханов атындағы институт Алтайдағы екі университетпен ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойды.

"Бізге тарихшылар мен мұрағатшылар тарапынан үлкен қолдау көрсетілуде. Алтай мемлекеттік университеті мен Таулы Алтай университетінің ғалымдары Алтай өлкесі мемлекеттік архивінің тарихи материалдарын бізбен бірге жіті зерттейтін болады. Біз XVIII-XIX ғасырларда Ертістің оң жағалауында, Алтай таулы округі мен 1854 жылы құрылған Семей ішкі округінің аумағында тіршілік еткен қазақтардың тарихына қатысты тың материалдар табуға тырысамыз", - деді Кабулдинов.

Ол мал шаруашылығы және егін шаруашылығымен айналысқан отырықшы халықтың бейбіт тіршілігіндегі проблемалар зерттелетінін айтты. Зерттеу нәтижесі бойынша бірлескен ғылыми еңбектер топтамасы мен архив материалдарының жинақтары жарық көреді.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0