Оқиға

Екібастұзда 17 жастағы жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті

© Sputnik / Медиабанкке өтуРазбитое стекло автомобиля
Разбитое стекло автомобиля - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2021
Жазылу
Зардап шеккен ер адам жабық бас сүйек-ми жарақатын алған. Сонымен қатар бірнеше сүйегі сынған

НҰР-СҰЛТАН, 3 қазан – Sputnik. Екібастұзда кәмелетке толмаған жүргізуші көшені "зебра" арқылы кесіп өтпек болған жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Жол апаты кеншілер қаласында Беркімбаев көшесінде болған. 34 жастағы жаяу жүргінші Екібастұз ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Зардап шеккен адам жабық бас сүйек-ми жарақатын алған. Сонымен қатар II дәрежелі травматикалық шок, жабық кеуде жарақаты, екі қабырғаның жабық сынуы және сол жақ бұғана диафизінің жабық сынуы диагнозы қойылған.

"2004 жылы туған кәмелетке толмаған жүргізуші Volkswagen Passat автокөлігімен 1987 жылғы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ол реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі бойынша жолды кесіп өткен", - деп хабарлады облыстың полиция департаменті.

Аталмыш фактіге қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 345-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз:

 

Жаңалықтар
0