Оқиға

Ақтау маңында жол апатынан жүкті әйел қаза болды

© Sputnik / Владислав ВодневЖедел жәрдем көлігі, архивтегі сурет
Жедел жәрдем көлігі, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2021
Жазылу
Тағы екі адам зардап шекті, олар Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді, тергеу жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 3 қазан – Sputnik. Ақтау қаласының маңында екі көлік соқтығысып, салдарынан бір адам көз жұмды.

Қайғылы оқиға Маңғыстау стансасынан шыққан жолда болды, деп хабарлайды "Лада" басылымы.

Өңірдің полиция департаментінің ақпаратынша, 2 қазан сағат 00:20-да LPG Trade газ құю станциясына қарама-қарсы бетте жол апаты болғаны туралы ақпарат түскен.

Анықталғандай, Маңғыстау теміржол стансасынан Ақтауға бет алған Daewoo Nexia жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, Chevrolet Nexia көлігімен соқтығысқан. Салдарынан Daewoo Nexia жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Куәгерлердің айтуынша, қаза тапқан әйел жүкті болған.

Зардап шеккен тағы екі адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді.

Бұл факті бойынша тергеу жүріп жатыр.

Оқи отырыңыз: 

Нұр-Сұлтанда жантүршігерлік жол апаты болды: бес адам көз жұмды

Сау-тамтығы қалмаған: Жамбыл облысында болған жол апатының видеосы жарияланды

Алматы облысында төрт көлік жол апатына ұшырады – видео

 

 

 

Жаңалықтар
0