Өңірлер

3 қазанда ауа райы қандай болады

© Sputnik / Тимур Батыршинкүз
күз - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2021
Жазылу
Елдің басым бөлігінде жауын-шашын, көктайғақ болады деп күтілуде

НҰР-СҰЛТАН, 2 қазан – Sputnik. Қазгидромет 3 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Циклон жырасының және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсері Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық жартысына сақталады, онда тұрақсыз ауа райы күтіледі, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, оңтүстік-шығыста таулы аудандарда кейде қатты жауын-шашын жауады, жел күшейеді, түнгі сағаттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Қазақстанның батыс жартысы антициклонның жотасының әсерінде болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде тұман күтіледі. Қостанай облысының оңтүстігінде, оңтүстік-батысында тұман күтіледі, күндіз облыстың солтүстік-батысында жел 15 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі.

Павлодар облысының батысында тұман, көктайғақ күтіледі. Қарағанды облысының шығысында тұман күтіледі, күндіз солтүстігінде, облыс орталығында жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі, солтүстік-шығысында 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман, жел 15-20 м/с күтіледі. Алматы облысының таулы аудандарында тұман күтіледі.

Мегаполистердегі ауа-райы

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жауады. Түнде -1, күндіз ауа температурасы +3 градусты көрсетеді.

Алматыда күн бұлтты, аздаған жауын жаууы мүмкін. Түнде +4, күндіз 13 градус жылы болады. 

Шымкентте күн ашық, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +4, күндіз + 17 градус. 

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0