Өңірлер

Нұр-Сұлтанда карантин жеңілдетілді - жаңа қаулы

© Sputnik / Тимур Батыршинкарантин
карантин - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2021
Жазылу
Сонымен қатар қаулыда вакцина алмаған бірқатар сала қызметкерлерінің жұмысқа кіруін шектеу туралы айтылған

НҰР-СҰЛТАН, 2 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтан  қаласының  бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова елордада карантиндік шараларды жеңілдету туралы қаулығы қол қойды. 

Қаулығы сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары келесі талаптарды қатаң сақтауы керек:

  • бұқаралық іс-шараларға, марафондар, спорттық, отбасылық, еске алу іс-шараларға, сондай-ақ үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.) өткізуге және оларға қатысуға, "Ashyq" жобасына қатысатын іс-шараларды өткізуді қоспағанда, сондай-ақ митингілер, шерулер, жиындар және ұйымдастыруға және қатысуға тыйым салу;
  • қызметі жаңартылмаған немесе тыйым салынған объектілерге: боулинг-орталықтарға, компьютерлік клубтарға, PlayStation клубтарына,  бильярдқа, караокеге, батуттарға, түнгі клубтарға, букмекерлік кеңселерге және ойын клубтарына, оның ішінде лотерея ұтыс ойыны, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын-сауық орталықтарына, балалардың ойын бөлмелеріне, ойын алаңдары мен аттракциондарына, оның ішінде спорттық объектілерде орналасқандардан басқа, мұзды және роликті сырғанақтарға бармау ("Ashyq" жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда).

Сонымен қатар вакцина алмаған бірқатар сала қызметкерлердің жұмысқа кіруін шектеу туралы айтылған. 

"Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы, инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, білім беру басқармасы, діни істер басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы, "City Transportation Systems" ЖШС, зертханалар мен медициналық ұйымдар, мемлекеттік органдар, ұйымдар, кәсіпкерлік субъектілерін қоса алғанда, кәсіпорындар COVID-19-ға қарсы вакцинацина алмаған (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) қызметкерлері үшін күндізгі режимде жұмысқа жіберілуін шектеу", - делінген қаулыда.

Қалалық қоғамдық көлік жұмыс және демалыс күндері қатынайтын болады. "Ashyq" жобасының ерікті қатысушылары болып табылатын, азық-түлік емес тауарларды сату бойынша объектілеріне жұмыс және демалыс күндері сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді.

Қаулының толық мәтінімен мына жерде таныса аласыз. 

Қаулы 2 қазанда күшіне енді.

Оқи отырыңыз: 

 

Жаңалықтар
0