НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның бас санитар дәрігері жаңа қаулығы қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Құжатта "Ashyq" жобасына жаңа қатысушыларды қосудың алгоритмі, бір аймақтан екінші аймаққа өту кезіндегі карантиндік шараларды жеңілдету мен қатаңдатудың ережелері бекітілген.
"12 жастан асқан балалардың компьютерлік клубтарға, цирктерге, кинотеатрларға, балалардың сауықтыру орталықтарына, облысаралық және қала аралық туристік тасымалдарға "Ashyq" қосымшасында, оның ішінде басқа платформаларда ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің рұқсатымен, QR-кодты сканирлеу кезенде ерікті түрде тіркеле отырып кіруін қамтамасыз ету", - делінген құжатта.
Осы қаулыға сәйкес "Ashyq" жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттарына сәйкес барлық объектілерінің жұмысына:
– жұмыс күндері – "Ashyq" жобасына қатысушы барлық объектілер үшін сағат 00.00-ге дейін, "Ashyq" жобасының көшбасшылары үшін – сағат 02.00-ге дейін;
– демалыс күндері – сағат 02.00-ге дейін, қызметкерлер мен келушілерде "жасыл мәртебе" болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тест, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, ауырып жазылған адамдар соңғы 3 ай ішінде) "Ashyq" жобасының көшбасшылары үшін – сағат 02.00-ге дейін рұқсат етілді.
Сонымен қатар инфекциялық төсектердің толтырылу көрсеткіші 70%-тен жоғары тәуекел деңгейі қауіпті аймақта эпидемиологиялық жағдай күрделенген жағдайда өңір "қою қызыл" аймаққа ауысады және шектеу шаралары енгізіледі. Өңір "қою қызыл" аймақта кемінде 3 күн болған кезде карантиндік шараларды қатаңдату қабылданады.
Күшейтілген карантиндік шаралар "қою қызыл" аймақтан "қызыл" аймаққа көшкеннен кейін кемінде 7 күн сақталады. Карантиндік шараларды жеңілдету "қою қызыл" аймақтан "қызыл" аймаққа көшкеннен кейін 7 күннен ерте жүргізілмейтіні айтылған.
Қаулы 27 қыркүйекте күшіне енеді.
Құжаттың толық мәтінімен мына жерде таныса аласыз.
Оқи отырыңыз:
- Ақтөбе тұрғындары Қазақстанның бас санитар дәрігерін сотқа берді
- Вакцина алмағандарды тексеру басталады: алгоритм бекітілді