НҰР-СҰЛТАН, 1 қазан – Sputnik. Алматыда жылу 2 қазанда беріле бастайды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша қолайсыз метеорологиялық болжамдар мен қаладағы ауа райының күн сайынғы мониторингіне байланысты жылыту маусымы ертерек басталады.
"Қолайлы жағдайды талап ететін ұйымдардың жұмыс ерекшелігін ескере отырып, ең алдымен жылу жүйесіне денсаулық сақтау, білім беру ғимараттары мен басқа да әлеуметтік нысандар қосылады", - делінген хабарламада.
Одан кейін жылу көппәтерлі тұрғын үйлер, содан соң жылу энергиясының басқа да тұтынушыларына беріле бастайды.
Жылу көздері, газ желілері, қазандықтары жылу беруге 100% дайын.
Оқи отырыңыз:
- Алматыда қазандықтар жылу беру маусымына дайын ба
- Боран, көктайғақ және тұман: қазан айында ауа райы қандай болады
- Қазақстанға қоңыр күз қашан келеді