Өңірлер

Семейде жалған вакциналау паспортын жасаған медицина қызметкері ұсталды

© REUTERS / DADO RUVICПаспорт вакцинированного от коронавируса
Паспорт вакцинированного от коронавируса - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2021
Жазылу
Қазіргі таңда қалалық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Семейде жалған вакциналау паспортын жасаған медицина қызметкері ұсталды, деп хабарлады Алтайньюс.

Семей қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 16 қыркүйек күні қаладағы медициналық мекемелердің бірінде коронавирусқа қарсы жалған вакциналау құжатын жасайтын қызметкерлер туралы жедел ақпарат келіп түскен.

"Жедел іздестіру іс-шаралары барысында қызметін теріс пайдаланып, төлқұжаттарды қолдан жасаумен және өткізумен айналысқан Семей қаласының 27 жастағы тұрғыны анықталып, қолға түсті", - дейді полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 385-бабы 1-бөлігі "Жалған құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді, бланкілерді, пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау дайындау немесе өткізу" бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0