Экономика

Қазақстан АЭС салу туралы шешім қабылдаса, біз көмектесуге дайынбыз – Путин

© Sputnik / Виктор Толочко / Медиабанкке өтуСтроительство АЭС, архивное фото
Строительство АЭС, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2021
Жазылу
Ресей басшысы мамандар тиімді газ тазарту құрылғыларын орнату арқылы технологияны жетілдіріп жатқанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан атом электр станциясын салса, кадр даярлау ісіне көмектесуге дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Путин Ресей көршілердің, достары мен одақтастарының, соның ішінде Қазақстанның атом энергетикасын дамытуға қатысты жоспарларын мұқият бақылап отырғанын атап өтті.

"Егер сіздер атом электр станциясын салу туралы шешім қабылдайтын болсаңыздар, Ресей қазақстандық серіктестеріне оны тұрғызу және эксплутациялау ісіне өз көмегін ұсынады. Атап айтқанда, республикада ресейлік дизайндағы АЭС құрылысы жайлы сөз болуы мүмкін. Бірақ ол ғана емес. Бұл жерде тұтас бір сала құру туралы сөз қозғалып отыр. Оған Ресейдің жоғары оқу орындарында атом энергетикасын пайдаланумен байланысты жаңа мамандықтар бойынша кадрлар даяурлау да кіреді", - деді Путин Қазақстан мен Ресей  президенттері қатысып жатқан XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумында.

Оның айтуынша, АЭС ауаны аз ластайды.

Путин мамандар тиімді газ тазарту құрылғыларын орнату арқылы технологияны жетілдіріп, атмосфераға зиянды заттардың бөлінуін барынша азайтуға қол жеткізіп жатқанын атап өтті.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Путинге жүк тасымалдаушылар шекарада қандай проблемаға тап болғанын айтты 

Жаңалықтар
0