Әлем

Путин мен Ердоған бір-біріне не үшін қажет

© Sputnik / Сергей Гунеев / Медиабанкке өтуПрезидент РФ Владимир Путин и глава Турции Реджеп Эрдоган
Президент РФ Владимир Путин и глава Турции Реджеп Эрдоган - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2021
Жазылу
Владимир Путин мен Режеп Ердоғанның үш сағаттық кездесуі кейінгі бір жарым жыл ішінде алғаш рет болғанымен ғана маңызды болар еді, алайда ресей-түрік қатынасының басқа елдер үшін де маңызы бар

Екі президенттің мұның алдындағы кездесуі былтыр наурызда – коронавирус пандемиясы басталған тұста өтті. Әрине, коронавирус инфекциясы тараған уақытта жүзбе-жүз кездесу мүмкіндігі азайды: осы 18 ай ішінде Путин мен Ердоған телефон арқылы бір-бірімен 22 рет сөйлескен. Екі елдің президенті дәл осылай басқа ешкіммен сөйлеспеген екен. Алайда кеше Сочиде Путин барлық мәселені телефон арқылы талқылау мүмкін емес екенін, ал екі ел бірлесе талқылауы қажет мәселе көп екенін айтты, деп жазады РИА Новости колумнисі.

РФ президенті Владимир Путин және Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2020
Путин мен Ердоған Идлибтегі атысты тоқтату туралы уағдаласты
Себебі жыл сайын екі жақты мәселелер "ынтымақтастық" немесе "қақтығыс" дегеннен басқа да ауқымды тақырыптарды қамтиды. Оның ішінде ең алдымен экономика кіреді – Атом электр станциясынан бастап туризмге дейін, С-400 немесе "түрік ағынына" дейін болса, екіншісі – аймақтық қақтығыстар – Сириядан Ливияға дейін, ал енді Таулы Қарабақ қосылды. Егер екіжақты жобада бәрі өте жақсы болса, ал планетадағы қарсылық турасында олай емес.

Түркия билігіндегі 18 жыл ішінде Ердоған пантюркизмді, неоосманизмді, панисламизмді, яғни ұлттық, империялық және діни факторларды қолданып, әр түрлі пропорцияда (жағдайлар мен уақытқа байланысты) бүкіл әлемде өзінің мүддесін белсенді түрде алға жылжытып жатыр.

Түрік экспансиясы Ресейдегі кейбіреулер үшін дүрбелең туғызып отыр: түріктер шабуылдап, соның ішінде біздің ұлттық мүддемізге қол сұғып жатыр, ал біз ештеңеге қарсы тұра алмаймыз, артқа шегініп, жол береміз. Түріктер жеңіп, біз ұтылып жатырмыз.

Мұндай жағдай былтыр әзербайжан-армян соғысынан кейін айқын көрінді. Мұны көптеген адам Ресейдің жеңілісі және Түркияның Кавказ маңын басып алуының басы деп түсінді. Шын мәнінде, Ресей Қарабақтағы армяндар мен әзербайжандардың байланысын бақылауды жүзеге асырады, ал оған түріктер символдық тұрғыдан ғана қатысады.

Сонымен қатар Түркияның өзінде Сирия Ресеймен қарым-қатынастағы басты мәселе болып саналады. Өйткені Идлиб пен Күрд аймағы тікелей түрік шекарасында орналасқан, яғни олар ұлттық қауіпсіздік мәселесімен байланысты. Ресей ол жерде түрік мүддесімен санасқанымен, Сирия мемлекеттілігін қалпына келтіруге, яғни бүкіл Сирияны Башар Асадтың бақылауына қайтарғысы келеді.

Әзірге мәселенің қарапайым немесе тіпті күрделі шешімі жоқ. Ең алдымен Идлиб мәселесінде. "Күрд мәселесіндегі" қозғалыстар америкалықтардың Сирияға қатысуын жалғастыру арқылы күрделеніп отыр. Бірақ олар бір күні кетеді, ал Ресей мен Түркия олармен бәрібір әрі қарай да жұмыс істейді (Ердоған Сириядағы бейбітшілік түрік-ресей қатынастарына байланысты екенін дұрыс атап өтті және тек бейбітшілік қана емес, соғыстан кейінгі қалпына келтіру де екі елге тікелей байланысты). Олардың мұны бірге жасағаны бір-біріне қарсы жасағаннан тиімді екені белгілі.

Назарбаев встретился со спикером парламента Турции - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.09.2021
Саясат
Назарбаев Түркия парламентінің спикерімен кездесті
Сонымен қатар Ресей-Түркия сыртқы саяси тақырыптары Сирия мен Қарабақпен шектелмейді. Енді оған Ауғанстан да қосылды. Жақында Ливияда сайлау өтеді. Ливияны қалпына келтіру үшін Ресей мен Түркияның көмегі қажет, біздің елдер әрқашан Триполи үшін жақын серіктес болды.

Онда бізде бөлісетін ештеңе жоқ (барлығына тапсырыс жеткілікті). Қайта, біздің ортақ мүдде үшін, қайта қосылған Ливия Батыстың ықпалына түспеуі керек. Ол өзінің кесірінен жойылған дүниені қалпына келтіру кезінде пайда көргісі келеді.

Шын мәнінде, Батыстың мұндай қысымы орыс-түрік өзара әрекеттесуінің маңызды себептерінің бірі болып табылады. Тіпті қарсыласуға ұқсас болса да, Путин мен Ердоған ымыраға келе алмаса, келіспеушіліктерді жұмсарта алады. Иә, Түркия НАТО-ның мүшесі болып қала береді, бірақ оның АҚШ пен Еуропамен қайшылықтары артып келеді және іс жүзінде жойылмайды.

Ердоғанның Батыс басшыларымен сенімді жеке қарым-қатынасы жоқ: Түркия президентінің БҰҰ Бас Ассамблеясына жақында жасаған сапары кезінде америкалықтар оған Байденмен кездесуге мүмкіндік бермеді. 

Әрине, ағылшын-сакстар түрік-орыс қарама-қайшылық картасын ойнатуға тырысады. Бұл Түркияны Ресейге қарсы бағыттап, Путин мен Ердоғанның маңдайын соғыстыру деп аталады. Бірақ екі президенттің 18 жылдық қарым-қатынасы олардың ұлттық мүдде арасындағы қайшылықтарды басқа адамдардың айла-шарғыларынан ажырата алатынын көрсетті. Себебі екеуі де Батысты өзінің геосаяси ойлауынан және саясатынан ығыстырды. Тек өз халықтарының ұлттық мүддесі туралы түсінікті басшылыққа алды. Иә, түріктің сыртқы саяси мінез-құлқы орыстікінен ерекшеленеді. Ердоғанның Қырымға қатысты барлық жария мәлімдемелері екі елдің стратегиялық қатынастарын құруға кедергі келтірмейді.

Екі елді өз проблемаларын (соның ішінде ішкі) сыртқы "көмексіз", яғни басқа біреудің араласуынсыз өз бетінге шеше алу деген сенім біріктіреді. Сол сияқты біз бірге өзара тиімді ынтымақтастық арқылы күшейе аламыз және арамызда туындайтын мәселелерді шеше аламыз.

Жаңалықтар
0