Қоғам

Ұлттық банк Жамбылға арналған коллекциялық монеталарды айналымға шығарады

© Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin TimurЖамбыл Жабаев ескерткіші Достық даңғылында Қабанбай батыр көшесінің жоғары жағында орналасқан.
Жамбыл Жабаев ескерткіші Достық даңғылында Қабанбай батыр көшесінің жоғары жағында орналасқан. - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2021
Жазылу
Биыл Қазақстан ақын Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын атап өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек –  Sputnik. Қазақстан Ұлттық банкі Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай коллекциялық монеталарды айналымға шығарады.

JAMBYL. 175 JYL монетасы 100 теңге номиналымен дайындалады.

© Photo : Пресс-служба Нацбанка РКҰлттық банк Жамбылға арналған коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Ұлттық банк Жамбылға арналған коллекциялық монеталарды айналымға шығарады - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2021
Ұлттық банк Жамбылға арналған коллекциялық монеталарды айналымға шығарады

Монетаның бет жағының орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Елтаңбаның сол және оң жағында ұлттық ою-өрнек элементтері орналасқан. Жиегінде айналдыра QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI • NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN деп жазылған. Төменгі жағында монетаның номиналын білдіретін "100 TEŃGE" жазуы бар.

Монетаның арғы бетінде Жамбыл Жабаевтың портреттік бейнесі, орталығында – "Артықша туған азамат" өлеңінің бірнеше жолы орналастырылған. Оң жағында ою-өрнек үзінділерінен жасалған домбыра контурының айшықты бейнесі мен мерейтой датасын білдіретін "175 JYL"жазуы орналасқан. Монетаны айналдыра JAMBYL және QAZAQ HALYQ AQYNY жазулары, ал төменгі жағында дайындалған жылын білдіретін "2021" жазуы бар.

JAMBYL. 175 JYL коллекциялық монеталары МН 25 мельхиор қоспасынан, номиналы 100 теңгелік, массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, дайындау сапасы brilliant uncirculated, таралымы 15 000 дана болып дайындалды.

Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Олар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнымен төлемдердің барлық түрі бойынша қабылданады, сондай-ақ банк шоттарына есепке алынады, Қазақстан Республикасының барлық банкінде аударылады, ұсақталады және айырбасталады.  

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0