Саясат

Тоқаев Орталық сайлау комиссиясы мүшелерін тағайындады

© Sputnik / Абзал КалиевОрталық сайлау комиссиясы
Орталық сайлау комиссиясы - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2021
Жазылу
Қазақстан президенті Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мен екі мүшесін бес жылға тағайындайды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Құжат Ақорда сайтында жарияланды. 

Мемлекет басшысының жарлығымен Сәбила Мұстафина мен Константин Петров Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан президенті Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мен екі мүшесін бес жылға тағайындайды. Сонымен қатар әр парламент палатасы Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін бес жылға тағайындайды. Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары мен хатшысы комиссияның бірінші отырысында сайланады. 

Бұған дейін президент Берік Имашевті Орталық сайлау комиссиясының төрағасы етіп қайта тағайындады

Сәбила Мұстафина Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болып 2016 жылы тағайындалды, 2017 жылдың шілде айында сайлау комиссиясының хатшысы болып сайланды. 

Константин Петров та бес жыл бұрын Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болған, 2017 жылдың тамызында Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары болып сайланды. 

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0