Қоғам

Президенттің көмекшісі алдағы сайлауда болатын маңызды жаңалық жайында жазды 

© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өтуПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.06.2021
Жазылу
Алдағы ауыл әкімдерінің сайлауында мемлекет басшысы қолға алған саяси реформалар аясында тағы бір бастама іске қосылады

НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысының көмекшісі Ерлан Карин ауыл әкімдерін сайлау кезінде тағы бір маңызды бастаманың қолға алынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Алдағы ауыл әкімдерінің сайлауында мемлекет басшысы қолға алған саяси реформалар аясында тағы бір бастама іске қосылады. Оған сәйкес, дауыс беру бюллетеніне "барлығына қарсымын" деген графа қосылады", - деп жазды Карин өзінің Telegram арнасында.

Осы орайда президенттің көмекшісі бұл бастаманың биыл мәжіліс сайлауынан кейін жарияланғанын еске салды. Содан бірден заң жобасы әзірленіп, мамыр айында сайлау туралы конституциялық заңға тиісті өзгерістер енгізілді. Ал маусымда түзетулер заңды күшіне енді. Осылайша, мемлекет басшысының бастамасы жарты жылдың ішінде іске асырылып отыр. 

Оқи отырыңыз: Ауыл әкімдерінің сайлауы 25 шілдеде өтеді - Карин

"Жалпы, "барлығына қарсымын" деген графа - азаматтардың сайлау құқығын кеңейту жолында жасалған үлкен қадам. Бұл новелла сайлау кезінде барлық саяси көзқарастың спектрін көрсетіп, қазақстандықтардың саяси мәдениеті мен дауыс беру белсенділігін көтеруге ықпал етеді", - деп атап көрсетті Карин.

Айта кетейік, 25 шілде күні бір уақытта 700-ден астам ауыл әкімі сайланады. Ал ауылдық округтердің қалған әкімдерін сайлау олардың өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін өтеді.

Жаңалықтар
0