АЛМАТЫ, 29 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген шығармашылық мансабын Қытайда жалғастыруға ниетті екенін хабарлады.
"Достар, мен әлемдік шоу-бизнесте жұмысымды жалғастыру үшін араға екі жыл салып Қытайға оралғанымды хабарлағым келеді. Дүниежүзілік карантинге байланысты бұл кездесуді екі жыл күтуге тура келді. Бір айға жуық уақыт оқшаулауда болдым, осы уақыт ішінде өз командаммен бірге Қытайда іске асыратын көптеген жоспар дайындадым", - деп жазды қазақстандық әнші.
Ол әлемнің әртүрлі елінде өтетін концерт пен телевизиялық бағдарламаларға карантинге байланысты шектеу қойылмаса қатыса беретінін айтты.
"Иә, бүкіл әлемдегі карантин менің жоспарларыма әсер етті, бірақ осы сәттен бастап мен сіздерді өз шығармашылығым арқылы қуантамын. Сіздерді жақсы көремін", - деді Димаш.
Dimashnews.com сайтында Димаш Құдайбергеннің 28 қыркүйекте Бейжің студенттік кинофестивалінде өнер көрсеткені айтылған. Бұл Қытайдағы ең үлкен кинофестивальдің бірі саналады.
Араға біраз уақыт салып Димаш тағы да Қытай сахнасына шығып, өзінің ең танымал композицияларының бірі –"iD" альбомындағы Screaming әнін орындады.
Оқи отырыңыз:
- Байқау жалғасуда: Азияның ең сымбатты жігіті рейтингісінде Димаш 1-орында тұр
- Шаңын қағып берді: Димаштың қарындасы жұрттың жүрегін елжіретті – видео
- Димаш Құдайберген желіде жақсы жаңалығын бөлісті