Қоғам

Шаңын қағып берді: Димаштың қарындасы жұрттың жүрегін елжіретті – видео

© Sputnik / Екатерина Лызлова / Медиабанкке өтуПевец Димаш Кудайберген
Певец Димаш Кудайберген - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.08.2021
Жазылу
Раушан ағасының костюміндегі шаңды қағып берді, ал Димаш әрқашан қарындасының қасында болып, оны орыс эстрада жұлдыздарымен таныстырды

НҰР -СҰЛТАН, 21 тамыз – Sputnik. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген "Новая волна" музыкалық байқауының қонағы болды. Әнші алғаш рет жұрт алдында өзінің қарындасы Раушанды фестивальдің қызыл кілеміне шақырды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Әлеуметтік желіде сахна сыртында түсірілген видео жарияланды: Димаш қарындасының қолынан жетектеп, онымен фотосессия ұйымдастырады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @umid.a583

Әншінің өзі атап өткендей, Раушан аздап абдырап қалған, бірақ көпшілік алдында өзін ұстай білді.

Жанкүйерлерді ағалы-қарындастың бір-біріне деген құрметі сүйсіндірді. Раушан ағасының костюміндегі шаңды қағып берді, ал Димаш әрқашан қарындасының қасында болып, оны орыс эстрада жұлдыздарымен таныстырды.

Димаштың жаңа әні

Сочиде өтіп жатқан "Новая волна" конкурсының ашылуында Димаш Құдайберген Stranger атты жаңа әнін таныстырды.

Жаңа композицияға музыканы орыс композиторы Игорь Крутой, ал мәтінді америкалық ақын Шэрон Вон жазды. Негізгі аранжировканы Димитрис Контопулос (Грекия) пен Ерлан Бекчурин (Қазақстан) жасады. Қобыздағы партияны Олжас Құрманбек орындады.

Жаңа әнге қобыз аспабын қосу идеясы Димашқа Stranger әуенін алғаш естіген кезде келген.  

Жаңалықтар
0