НҰР -СҰЛТАН, 21 тамыз – Sputnik. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген "Новая волна" музыкалық байқауының қонағы болды. Әнші алғаш рет жұрт алдында өзінің қарындасы Раушанды фестивальдің қызыл кілеміне шақырды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Әлеуметтік желіде сахна сыртында түсірілген видео жарияланды: Димаш қарындасының қолынан жетектеп, онымен фотосессия ұйымдастырады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Әншінің өзі атап өткендей, Раушан аздап абдырап қалған, бірақ көпшілік алдында өзін ұстай білді.
Жанкүйерлерді ағалы-қарындастың бір-біріне деген құрметі сүйсіндірді. Раушан ағасының костюміндегі шаңды қағып берді, ал Димаш әрқашан қарындасының қасында болып, оны орыс эстрада жұлдыздарымен таныстырды.
Димаштың жаңа әні
Сочиде өтіп жатқан "Новая волна" конкурсының ашылуында Димаш Құдайберген Stranger атты жаңа әнін таныстырды.
Жаңа әнге қобыз аспабын қосу идеясы Димашқа Stranger әуенін алғаш естіген кезде келген.