Өңірлер

Алматыда коронавирус жұқтырған балалардың саны артты

© Sputnik / Абзал КалиевРазметка на парте в дежурном классе для соблюдения социальной дистанции
Разметка на парте в дежурном классе для соблюдения социальной дистанции  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2021
Жазылу
Алматы дәрігерлері коронавирус жұқтыру деректері жиілеген жерлерді атады

АЛМАТЫ, 29 қыркүйек – Sputnik. Алматыда кейінгі екі аптада эпидемиологтар жүргізген талдауларға сәйкес, еңбекке қабілетті азаматтардың коронавирусты жиі жұқтыратыны анықталды. Бұл туралы брифингте қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның сөзінше, 20 мен 39 жас аралығындағы азаматтар коронавирус инфекциясын жұқтыруға бейім.

"14 жасқа дейінгі балалар арасында ауру көрсеткіші 3,3%-ке өсті. Олар мектептер пен отбасыда инфекция жұқтырған. Көбінесе 20-39 жастағы азаматтар коронавирус инфекциясын жұқтырады, олардың үлесі – 28%, 40-59 жастағылар – 22% және 60 жастан асқан адамдар – 23%", - деді Қалықова.

Ол сондай-ақ алматылықтардың вирусты сауда нысандары, қоғамдық көліктер мен отбасы ішінде жиі жұқтыратынын мәлімдеді. Айтуынша, сауда орындарында, азық-түлік дүкендерінде, метро мен қоғамдық тамақтану орындарында, монша, саунада, дәріхана, демалыс орындарында ауру жұқтыратындар саны артқан.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0