Өңірлер

Қызылорда облысында 126 сынып карантинге жабылды

© Sputnik / Абзал КалиевКазахстанские школьники
Казахстанские школьники - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2021
Жазылу
Коронавирус жұқтырғандардың басым бөлігі - Қызылорда қаласындағы мектептердің оқушылары

ҚЫЗЫЛОРДА, 29 қыркүйек – Sputnik. Қызылорда облысында 126 сынып карантинге жабылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жаңа оқу жылының басынан оқуды дәстүрлі форматта бастаған 126 оқушы коронавирус инфекциясын жұқтырды. Індет жұқтырғандардың басым бөлігі - Қызылорда қаласындағы мектептердің оқушылары. Салдарынан 126 сынып 14 күнге карантинге жіберілді. Бұл туралы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жаңабергенова мәлімдеді.

Оның айтуынша, мұғалімдердің арасында да короновирус жұқтырғандар бар.

"Дәстүрлі форматта оқу процесін бастаған мектеп мұғалімдері арасында коронавирус жұқтырудың 17 дерегі есепке алынды", - деді ол өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Облыста карантин талаптарының сақталуына мониторинг жүргізу жалғасып жатыр. Жыл басынан бері мониторингтік топ 14 386 нысанды тексерді. Нәтижесінде 788 карантин талаптарын бұзу дерегі анықталып, 51 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды.

Дегенмен карантин талаптарын бұзу азаймай отыр. Жыл басынан бері тұрғындардың 500-ден астам той өткізгені белгілі болды. Сонымен қатар "Ashyq" жүйесі арқылы үй карантинінде оқшаулану тәртібін бұзған 1111 азамат анықталған.

Оқи отырыңыз: 

 

Жаңалықтар
0