Өңірлер

Алматыда 11 мың адамның карантин талабын бұзғаны анықталды

© Sputnik / Абзал КалиевДевушка сканирует код проекта Ashyq
Девушка сканирует код проекта Ashyq  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2021
Жазылу
"Қызыл" және "жасыл" статусы бар тұрғындар теміржол вокзалына, театрларға, банктер мен мектептерге, компьютерлік клубтарға кірмек болған

АЛМАТЫ, 29 қыркүйек – Sputnik. Алматыда 11 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырғаны анықталғаннан кейін екі апталық оқшаулану режимін елемеген. Бұл туралы брифинг кезінде Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Олардың барлығы Ashyq қосымшасы енгізілген нысандарға кірмек болған. Карантин талаптарын сақтамағандардың жалпы саны – 11 060 адам. Оның ішінде 9999 адамның "қызыл" статусы, 1061 адамда "жасыл" статус болған.

Оның ішінде:

  • қоғамдық тамақтану орнында – "қызыл" статусы бар 3035 тұрғын, "сары" статусы бар 362 адам;
  • сауда-ойын сауық орталығы, сауда үйлеріне – "қызыл" статусы бар 2096 тұрғын, "сары" статусы бар 223 адам;
  • базарларға – "қызыл" статусы бар 708 тұрғын, "сары" статусы бар 46 адам;
  • дүкендерге – "қызыл" статусы бар 598 тұрғын, "сары" статусы бар 39 адам;
  • әуежайға – "қызыл" статусы бар 406 тұрғын, "сары" статусы бар 39 адам;
  • фитнес-орталықтар, бассейнге – "қызыл" статусы бар 375 тұрғын, "сары" статусы бар 56 адам;
  • ХҚКО – "қызыл" статусы бар 361 тұрғын, "сары" статусы бар 28 адам;
  • кинотеатрларға – "қызыл" статусы бар 324 тұрғын, "сары" статусы бар 57 адам кірмек болған.

Сонымен қатар "қызыл" және "сары" статусы бар 330 адам жоғары оқу орындарына, 187 адам сұлулық салондары мен шаштаразға кірмек болған.

Қала тұрғындары карантин талаптарын сақтамаған нысандар арасында теміржол вокзалы, театрлар, банк пен мектептер, монша мен сауна, компьютерлік клубтар бар. Арасында қонақүй мен боулинг клубқа, көрмелерге кіргісі келгендер болған.

Байғабылов кәсіпкерлік нысандар арасында карантинді бұзатындардың күн сайын анықталатынын айтты. 2021 жылдың 1 қаңтары мен 28 қыркүйегі аралығында 41 062 кәсіпкерлік объектісі тексеріліп, карантин шараларын бұзған 3 929 нысан анықталған.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0