Экономика

Есеп комитетінің басшысы 2022 жылы шығындарды төрттен бірге қысқартуды ұсынды

© Официальный сайт Президента КазахстанаТокаев принял председателя Счетного комитета Наталью Годунову
Токаев принял председателя Счетного комитета Наталью Годунову - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.09.2021
Жазылу
Келесі жылдың бюджет жобасында басым бағыттар бойынша 1,2 триллион теңге көлемінде қаржы қарастырылған

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады.

Мемлекет басшысына 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасына жүргізілген алдын ала бағалаудың негізгі нәтижелері жөнінде баяндалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.  

Наталья Годунованың мәліметіне сәйкес 9 басым бағыт бойынша үш жылда жұмсалатын 3,2 триллион, оның ішінде 2022 жылға жоспарланған 1,2 триллион теңге көлеміндегі қаржыға бағалау жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша Есеп комитеті жұмсалатын 1,16 триллион теңгені, оның ішінде 2022 жылға жоспарланған 306,3 миллиард теңгені оңтайландыруды ұсынды. Бюджетті жоспарлау кезінде жіберілген бірқатар кемшілік айтылды. Тиісті органдарға оларды жою жөнінде нақты ұсыныстар берілді.

Сонымен қатар Есеп комитетінің төрағасы жекелеген аудиторлық іс-шаралардың алдын ала қорытындылары туралы айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметін жетілдіру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0