Экономика

Инфляция бекітілген межеден әлдеқашан шығып кеткен – Тоқаев

© Официальный сайт Президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев
Касым-Жомарт Токаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.09.2021
Жазылу
Президент халық үшін азық-түліктің қолжетімді бағада болуын іс жүзінде ретке келтіру қажет деп есептейді

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек –  Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық тауар өткізу жүйесін қалыптастыру жүйелі шаралар керек екенін мәлімдеді.

Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысында сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов баяндама жасады.

Мемлекет басшысы биылғы жыл өндіріс, өнімдерді сақтау және өткізу саласында қордаланған проблемалар бар екенін көрсеткенін айтты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Инфляция, әсіресе азық-түлік бағасының құбылуы бекітілген межеден әлдеқашан шығып кеткен.

"Шұғыл шаралар, бағаға қойылған бақылау нарықтық экономиканың іргелі қағидаттарын алмастыра алмайтыны белгілі. Жүйелі шаралар керек. Сондықтан ұлттық тауар өткізу жүйесін қалыптастыру аталған жұмыстың маңызды құраушы бөлігі болып табылады. Көтерме-тарату орталықтары және олардың стандарттау, тауардың тұрақты жеткізілуін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстары өндірушілердің, соның ішінде шағын бизнес өкілдері кооперациясының маңызды элементтерінің бірі болуға тиіс", - деп атап өтті Тоқаев.

Бұл ауылда тұрып, жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын адамдар үшін аса маңызды. Бүгінде мұндай кәсіп иелерін экономикалық айналымға тарту жұмыстары мардымсыз жүргізілуде.

"Сонымен қатар олар өз өнімдерін егін басынан сатуға мәжбүр болып отыр. Көтерме-тарату орталықтарының тағы бір міндеті – "егіс басынан сөреге" дейінгі жолдағы қажетсіз делдалдарды жою", – деді президент.

Мемлекет басшысы халық үшін азық-түліктің қолжетімді бағада болуын іс жүзінде ретке келтіру қажет деп есептейді.

Оқи отырыңыз:

 

Жаңалықтар
0