Қоғам

Қазақстанның алты облысында дабылды ескерту жарияланды

© Sputnik / Владислав ВодневВиды Нур-Султана осенью
Виды Нур-Султана осенью - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.09.2021
Жазылу
Республикада екпінді жел соғады, оңтүстікте – шаңды дауыл, оңтүстікте және батыста найзағай ойнайды

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Қазгидрометтің синоптиктері сейсенбі, 28 қыркүйектің ауа райы болжамын жариялады. Республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауады.

Барлық өңірде жел соғады, оңтүстікте шаңды дауыл көтеріледі, оңтүстікте және батыста найзағай ойнайды.

Дабылды ескерту

28 қыркүйекте күндіз Қарағанды ​​облысының батысында қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Оңтүстік батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында және орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысында солтүстік шығыстан соққан желдің екпіні күндіз секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Ақтөбе облысының батысы мен солтүстігінде 28 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түседі.

Түркістан облысында шаңды дауыл тұрады, оңтүстік батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Жамбыл облысында найзағай ойнайды. 28, 29 қыркүйекте күндіз, 30 қыркүйекте түнде облыстың оңтүстік-батысында және таулы аймақтарында оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.  

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын түседі – жаңбыр, қар. Шығыстан, солтүстік-шығыстан соққан жел секундына 15-20 метрге жетеді.

Мегаполистердегі ауа райы

Алматыда ауа райы жауын-шашынсыз, күндіз температура + 20 + 22 ° С.

Шымкентте күн бұлтты, күндіз + 23 + 25 ° С.

Нұр-Сұлтанда жаңбыр жауады, күндіз + 8 + 10 ° С болады.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0