10:23 27 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD423.91
  • EUR497.37
  • RUB5.82
Денсаулық
Қысқа сілтеме алу
70 0 0

Климат ауыстыру ағзаға оң әсерін де, теріс әсерін де тигізуі мүмкін дейді дәрігер

НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек - Sputnik. Дәрігер-терапевт Георгий Сапего денсаулық үшін климат ауыстыру қандай жағдайда пайдалы және керісінше зиян екені туралы айтып берді. 

Атмосфералық қысым, судың құрамы, ылғалдық, температура және өзге факторлар ағзаға әсерін тигізбей қоймайды. 

"Климат ауыстыру аллергиясы бар адамдар үшін пайдалы. Немесе экзема маза бермесе климат ауыстырған жөн. Мұндай дерт кезінде ауасы ылғалды аймаққа қоныс аударған дұрыс. Тропиктік ауа тері құрғауының алдын алады. Ал жылы жаққа көшкенде қан қысымы төмендейді. Кейбір адамдарда бронхиальді астма көрінісі азаяды. Салқын аймаққа көшкенде кейбір адамдардың бас ауруы азаяды, біреулердің тамырлары қақсауын қояды", - дейді дәрігер Sputnik радиосына берген сұхбатында.

Алайда денсаулық үшін қоныс аудару кейде керісінше оған зиянын да тигізуі мүмкін. 

"Кез келген адамға қоныс аудару кері әсері етуі ықтимал. Климатқа бейімделу екі аптадан артық уақытты қажет етеді. Біреулер климат ауыстырғанда ұйқысыздыққа ұшырайды, біреулер атмосфералық қысымнан өзін жайсыз сезінуі мүмкін. Біреулерге судың құрамы жақпай жатады. Шын мәнінде қоныс аударғанда алдымен адамның психологиялық күйі ауысады. Мәжбүрлі түрде қоныс аудару, әсіресе бала кезде, денсаулыққа ауыр әсер етеді деген пікір бар", - дейді ол. 

Ал коронавирус дертінен кейін климат ауыстыру ағзаға қаншалықты әсер ететіні әлі белгісіз. Ол бертін пайда болған ауру, оның үстіне жаңа жерде жаңа штамм жұқтырып алу қаупі де жоқ емес, дейді дәрігер. 

 

 

Тақырып бойынша

Маман туыстардың нөмірінен алаяқтар қалай телефон шалуы мүмкін екенін айтты
Маман автосалонда артық ақша төлемеудің әдісін бөлісті
Кілт сөздер:
маман, пайдалы кеңес, ауа райы
Загрузка...

Басты тақырып