Өңірлер

Павлодарда 20 жыл іздеуде жүрген ресейлік қылмыскер ұсталды

© Sputnik / Екатерина Чеснокова / Медиабанкке өтутемір тор
темір тор - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.09.2021
Жазылу
Полиция Ресей Федерациясының Пермь қаласында кісі өлтіргені үшін айыпталған 46 жастағы қылмыскерді ұстады

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Кісі өлтіргені үшін 20 жыл бойы жасырынып жүрген ресейлік қылмыскер Павлодарда ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласында полиция қызметкерлері Ресей Федерациясының Пермь қаласында кісі өлтіргені үшін айыпталған 46 жастағы қашқын қылмыскерді ұстады.

Анықталғандай, 2001 жылы ер адам қызды өлтіріп, қылмыс жасағаннан кейін Павлодар қаласына келген.

"Ер адам айлакер болып шықты. Белгілі болғандай, ол фамилиясындағы бір әріпті әдейі өзгерткен. Қазіргі уақытта ол қамауда отыр", – деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Ельдар Әбдікенов.

Айта кетері, жыл басынан бері Павлодар облысының полицейлері сот пен тергеуден жасырынып жүрген 74 қылмыстық қылмыскерді ұстады. 

Оқи отырыңыз: 

 

Жаңалықтар
0