Өңірлер

Қылмыс орнынан қашып кеткен ер адам 15 жылдан кейін қолға түсті

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2021
Жазылу
Күдікті 2004 жылдың шілдесінде алдын ала келісім бойынша 30 келіден астам "марихуана" сатқан

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Алматыда аса ірі мөлшерде есірткі сатқаны үшін іздеуде болған қылмыскер 15 жылдан кейін қолға түсті, деп хабарлады Polisia.kz.

Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2021
Оқиға
ҰҚК арнайы операция жүргізді: Қазақстанның батысында 31 адам ұсталды
Осы жылдың шілде айында Алматы қаласында Маңғыстау облысы полиция департаментінің қызметкерлері Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлерімен бірге 2006 жылдан бері аса ірі мөлшерде есірткі сатқан деген күдікпен іздеуде жүрген 42 жастағы ер адамды ұстады.

2004 жылдың 12 шілдесі күні ол алдын ала келісім бойынша "К" есімді азаматқа 30 келіден астам "марихуана" сатқан.

Тінту жүргізу кезінде күдіктінің учаскесінен жалпы салмағы 74 келіден асатын жеті қап және бір полиэтилен "марихуана" пакеті тәркіленген. Ал күдікті адам қылмыс жасалған жерден белгісіз бағытқа қашып кеткен.

Полиция қызметкерлері алғашқы іздестіру шараларын жүргізді, содан кейін күдіктіге іздеу жарияланды.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық кодекстің 297-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.  

Жаңалықтар
0