Қоғам

"Заң деген мен": Алматыда ер адамның өрескел әрекеті видеоға түсіп қалды

© Sputnik / Табылды Кадырбековжұдырық
жұдырық - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.09.2021
Жазылу
Видеодан ер адамның бірнеше рет "ұлттық қауіпсіздік комитетінде істеймін" деп айтқанын естуге болады

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Алматыда алкогольдік ішімдікке тойып алған ер адам жедел жәрдем ауруханасында жанжал шығарды. 

Әлеуметтік желідегі кадрда жартылай жалаңаш ер адамның боқауыз сөздер айтып, полиция киіміндегі адамға айғайлап жатқанын көруге болады.

Содан кейін ол аурухағана кіреді, артынан әйелдің "Бірдеңе істесеңіздерші, ол бізді өлтіреді ғой" деген дауысы естіледі. 

Видеода боқауыз сөздер бар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Brothers (@kris_p_brothers_bazaranet)

Видеодан ер адамның бірнеше рет "ұлттық қауіпсіздік комитетінде істеймін" деп айтқанын естуге болады.

"Заң деген мен, мен ұлттық қауіпсіздік комитетінде істеймін", - деп айғайлады ол. 

Полиция қызметкерлері оны тәртіпке шақырмақ болып әуреге түскені де байқалады.

Осы жағдайға қатысты қалалық полиция түсініктеме берді.

Полициядағылардың айтуынша, оқиға 27 қыркүйек күні түнгі сағат 00:30 шамасында болған.

Кадрдағы 24 жастағы ер адам қоғамдық тәртіпті бұзып, бөгде адамдардың мүлкіне залал келтірген.

Бұл факт Алмалы аудандық полиция басқармасында тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізілуде. 

Оқи отырыңыз:

 

Жаңалықтар
0