Өңірлер

Полиция Алматы облысында болған төбелестің мән-жайын хабарлады – видео

© Sputnik / Абзал КалиевДрака, иллюстративное фото
Драка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.09.2021
Жазылу
Полицияға ешкім арыз түсірген жоқ. Дегенмен Іле аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тексеріс жүргізіп шықты

НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысы Междуреченск кентінде болған жаппай төбелестің мән-жайы анықталды. Полиция бірнеше адамға айыппұл салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресми мәліметке сәйкес, бұл оқиға 12 қыркүйекте болған. Междуреченск кентіне қарасты "Сокол" саяжай қоғамының 34 жастағы тұрғыны үйінде ас берген. Туыстарының бірі құран оқуға мас күйінде келді. Содан екеуінің арасында жанжал туындап, арты төбелеске ұласты. Ал көрші үйде тұратындар бәрін видеоға түсіріп алды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Интернет-СМИ (@kris.p.almaty.official)

Полицияға ешкім арыз түсірген жоқ. Дегенмен Іле аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тексеріс жүргізіп шықты. Үй иесінің карантин режимін бұзғаны анықталды. Барлық материалдар санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жіберілді. Олар тиісті шара қолданады.

Бұдан бөлек, жанжал шығарған ер адам әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 73-бабы бойынша жауапқа тартылды. Оған сәйкес, 10 АЕК (29 170 теңге) көлемінде айыппұл немесе 10 тәулікке қамауға алу шарасы қарастырылған.

Жаңалықтар
0