Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Хаттамадан тыс: саясаткерлердің қызу талқыланған образдары – фото

Жазылу
Жоғары деңгейдегі саясаткерлердің кез келген қадамы әдетте толығымен хаттамаға бағынады. Оның ішіне галстуктің түсіне дейін кіреді. Алайда кейде журналистер саясаткерлерді бейресми жағдайда "ұстап" алатын кездер болады

Себебі саясаткерлер де басқа адамдар секілді ет пен сүйектен жаратылған, сол себепті кейде хаттаманың қатаң шеңберінен шыққысы келеді.

Мысалы, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев демалыс кезінде садақ атумен айналысады.

Бразилия, Франция, Боливия және Мексика басшылары үндістердің, полинезиялықтардың және басқа да байырғы халықтардың киімін кигенде өте ыңғайлы сезінеді.

Айталық, Владимир Зеленский назарда болуға дағдыланған болса, онда Ангела Меркель өзін алты ғасырдан астам тарихы бар карнавалдық "ақымақ сотында" сотталушылар орындығында көргісі келмеген болар.

Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо жиі хаттама талабын орындамай, "Жұлдыздар шайқасы" бейнеленген шұлық киіп алады. Мүмкін ол үлкен Джордж Бушты үлгі еткен болар, себебі ол ресми марапаттау рәсімдеріне патриоттық өрнегі бар нәски киіп жүретін.

Сонымен, саясаткерлер хаттаманы қалай айналып өтетінін фотодан көріңіз.

Оқи отырыңыз: 

 

© Photo : Пресс-секретарь президента Казахстана/FacebookҚазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бұқтырма су қоймасы аумағында еңбек демалысын өткізген кезінде түсірілген фото
Свой отпуск Касым-Жомарт Токаев проводит на Бухтарминском водохранилище  - Sputnik Қазақстан
1/17
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бұқтырма су қоймасы аумағында еңбек демалысын өткізген кезінде түсірілген фото
© AFP 2024 / Kcna Via KnsКим Чен Ын Оңтүстік Хванхэде әйелі Ри Соль Джумен бірге Кумсанпхо тұз өндіру фабрикасын аралап жүр.
Ким Чен Ын осматривает фабрику по производству соленья в Кумсанпхоя, Северная Корея - Sputnik Қазақстан
2/17
Ким Чен Ын Оңтүстік Хванхэде әйелі Ри Соль Джумен бірге Кумсанпхо тұз өндіру фабрикасын аралап жүр.
© AP Photo / Thomas KienzleАнгела Меркель Германияның оңтүстігінде карнавалдық "ақымақ сотында" сайқымазақтың жанында отыр. Бұл карнавал 650 жылдан бері өткізіледі.
Ангела Меркель на карнавале, Германия - Sputnik Қазақстан
3/17
Ангела Меркель Германияның оңтүстігінде карнавалдық "ақымақ сотында" сайқымазақтың жанында отыр. Бұл карнавал 650 жылдан бері өткізіледі.
© Photo : Kvartal-95 (2010)Владимир Зеленский "Үлкен қаладағы махаббат 2" фильмінде.
Владимир Зеленский в фильме Любовь в большом городе 2 - Sputnik Қазақстан
4/17
Владимир Зеленский "Үлкен қаладағы махаббат 2" фильмінде.
© AFP 2024 / Issiuf Sanogo Британдық ханзада Чарльз Канода (Нигерия) әмір Адо Байероны тыңдап отыр.
Британский принц Чарльз слушает эмира Адо Байеро в Кано - Sputnik Қазақстан
5/17
Британдық ханзада Чарльз Канода (Нигерия) әмір Адо Байероны тыңдап отыр.
© AFP 2024 / Niklas Halle'nЛондон мэрі болған Борис Джонсон үйіне келе жатыр.
Борис Джонсон прибывает домой в Лондон - Sputnik Қазақстан
6/17
Лондон мэрі болған Борис Джонсон үйіне келе жатыр.
© AFP 2024 / Chris Jackson II Елизавета мен ханзада Чарльз Виндзордағы (Англия) Фрогмор үйінің бағында суретке түсіп тұр.
Королева Великобритании Елизавета II и британский принц Чарльз в Виндзоре, Англия - Sputnik Қазақстан
7/17
II Елизавета мен ханзада Чарльз Виндзордағы (Англия) Фрогмор үйінің бағында суретке түсіп тұр.
© AFP 2024 / HO / Mexican PresidencyМексика президенті Энрике Пена Ньето Сан-Хуан Чамулада халықаралық әлемнің байырғы халқы күнін атап өту кезінде цоциль этникалық тобының дәстүрлі костюмінде.
Энрике Пена Ньето в традиционном костюме этнической группы цоциль во время празднования в штате Чьяпас, Мексика - Sputnik Қазақстан
8/17
Мексика президенті Энрике Пена Ньето Сан-Хуан Чамулада халықаралық әлемнің байырғы халқы күнін атап өту кезінде цоциль этникалық тобының дәстүрлі костюмінде.
© AP Photo Африка ұлттық конгресінің президенті Джейкоб Зума 2009 жылы өткен сайлаудан кейін бірден Дурбаннан солтүстікке қарай 400 шақырым жерде орналасқан Нкандла елді мекенінде дәстүрлі зулус стиліндегі үйлену тойын атап өтті.
Джейкоб Зума празднует свадьбу, Южная Африка - Sputnik Қазақстан
9/17
Африка ұлттық конгресінің президенті Джейкоб Зума 2009 жылы өткен сайлаудан кейін бірден Дурбаннан солтүстікке қарай 400 шақырым жерде орналасқан Нкандла елді мекенінде дәстүрлі зулус стиліндегі үйлену тойын атап өтті.
© AFP 2024Жапон императоры Нарухито таққа отыру үшін бірқатар рәсімді орындап жатыр.
Японский император Нарухито в храме Исэ-Дзингу в Исэ - Sputnik Қазақстан
10/17
Жапон императоры Нарухито таққа отыру үшін бірқатар рәсімді орындап жатыр.
© AFP 2024 / Luis RobayoКолумбия президенті Хуан Мануэль Сантос Пастодағы қара және ақ нәсілділер карнавалының бір бөлігі саналатын "ақ күн" шеруінде. Карнавалды ЮНЕСКО "Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы" деп жариялады. Ол "үш патша күні" және Рождество қарсаңында тойланады.
 Президент Колумбии Хуан Мануэль Сантос принимает участие в параде «Белый день» в Пасто - Sputnik Қазақстан
11/17
Колумбия президенті Хуан Мануэль Сантос Пастодағы қара және ақ нәсілділер карнавалының бір бөлігі саналатын "ақ күн" шеруінде. Карнавалды ЮНЕСКО "Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы" деп жариялады. Ол "үш патша күні" және Рождество қарсаңында тойланады.
© AFP 2024 / Isac NobregaБразилия президенті Жаир Болсонару Бразилияда Poderes Plaza-да жергілікті тұрғындармен кездесуге үнді бас киімін киіп келген.
 Президент Бразилии Жаир Болсонару в головном уборе коренного населения в Бразилиа - Sputnik Қазақстан
12/17
Бразилия президенті Жаир Болсонару Бразилияда Poderes Plaza-да жергілікті тұрғындармен кездесуге үнді бас киімін киіп келген.
© AFP 2024 / Ronaldo SchemidtБоливияның бұрынғы президенті Эво Моралес және оның вице-президенті Альваро Гарсиа Линера дәстүрлі шляпаны киіп суретке түсті.
Бывший президент Боливии Эво Моралес (слева) и вице-президент Альваро Гарсиа Линера в традиционных шляпах - Sputnik Қазақстан
13/17
Боливияның бұрынғы президенті Эво Моралес және оның вице-президенті Альваро Гарсиа Линера дәстүрлі шляпаны киіп суретке түсті.
© AP Photo / Susan WalshБұрынғы президент Джордж Бушты Вашингтондағы Ақ үйдің Шығыс залында Барак Обама қарсы алып жатыр. Бір кездері үлкен Буш қайырымдылық және еріктілер ұйымдарын "жарық нүктелері" деп атады. Ол олардың ішіндегі ең белсенділері үшін арнайы сыйлық тағайындап, бұл сыйлықты Шығыс залында тапсырды.
Бывший президент Джордж Буш в красно-белых носках в Восточном зале Белого дома в Вашингтоне - Sputnik Қазақстан
14/17
Бұрынғы президент Джордж Бушты Вашингтондағы Ақ үйдің Шығыс залында Барак Обама қарсы алып жатыр. Бір кездері үлкен Буш қайырымдылық және еріктілер ұйымдарын "жарық нүктелері" деп атады. Ол олардың ішіндегі ең белсенділері үшін арнайы сыйлық тағайындап, бұл сыйлықты Шығыс залында тапсырды.
© AP Photo / Gero BreloerБритандық ханзада Эндрю мен оның қыздары ханшайым Евгения мен Беатрис Лондондағы Вестминстер аббаттығынан кетіп жатыр.
Британский принц Эндрю и его дочери, принцесса Евгения (слева) и Беатрис в Лондоне - Sputnik Қазақстан
15/17
Британдық ханзада Эндрю мен оның қыздары ханшайым Евгения мен Беатрис Лондондағы Вестминстер аббаттығынан кетіп жатыр.
© AP Photo / Esther CuneoФранция президенті Эммануэль Макрон Тынық мұхитындағы Таитиден солтүстік-шығысқа қарай 500 шақырым жерде орналасқан Манихи атоллына гүлдер мен ұлу қабыршығын мойнына орап келді.
Президент Франции Эммануэль Макрон в ожерельях с цветами и ракушками, Французская Полинезия - Sputnik Қазақстан
16/17
Франция президенті Эммануэль Макрон Тынық мұхитындағы Таитиден солтүстік-шығысқа қарай 500 шақырым жерде орналасқан Манихи атоллына гүлдер мен ұлу қабыршығын мойнына орап келді.
© Sputnik / Сергей Величкин / Медиабанкке өтуРесей мен Қазақстан президенттері Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев ТМД-ның бейресми саммиті аяқталғаннан кейін Шымбұлақ тау шаңғысы курортында демалды.
В.Путин и Н.Назарбаев на горнолыжном курорте в Казахстане - Sputnik Қазақстан
17/17
Ресей мен Қазақстан президенттері Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев ТМД-ның бейресми саммиті аяқталғаннан кейін Шымбұлақ тау шаңғысы курортында демалды.
Жаңалықтар
0