17:29 05 Тамыз 2021
Тікелей эфир
  • USD424.02
  • EUR502.76
  • RUB5.82
© AP Photo / Loris Fabbrini
Италиялық актриса Мария Грация Кучинотта Риминидегі балмұздақ жәрмеңкесінде салқын десерттен дәм татып тұр. 1998 жылдың 24 қаңтары.

Жаз мезгілінде әрбір адамның сүйіп жейтін асы – балмұздақ. Бұл тәттіні бала да, ересек те қатты ұнатады. Адамзат баласы дәм татқан алғашқы балмұздақ 1786 жылы пайда болған екен

Балмұздақ дәмі адам санасында бейқам балалық шақпен байланысты естеліктерді тудырады. Себебі күнде қол жете бермейтін бұл тәттіні ерекше мерекеде, туған күнде немесе отбасылық демалыста ғана сатып алған.

Балмұздақ миллиардтаған адамның сүйікті тәттісіне айналды. Олардың қатарында танымал саясаткерлер, актерлер мен жұлдыздар, тіпті ханзадалар да бар. Sputnik материалынан балмұздақ жеген сәтінде суретке түсіп қалған танымал тұлғаларды тамашалаңыз.

Балмұздақтың тарихы сонау үш мың жылдан бастау алатыны туралы деректер бар. Оған сәйкес, үш мың жыл бұрын Қытайда мұз, қар мен жеміс бөлшектерінен құралған салқын ас берілген. Кейіннен рецепті аса құпия сақталған сүт пен мұздан дайындалған тағам пайда болған. Сондай-ақ Көне Израиль мен Грецияда да салқын десерттер болған. Олар бүгінгінің мұздатылған сусындарына қатты ұқсас болған.

Еуропада мұздатылған сүт қолданылған рецепт XIV ғасырда ғана пайда болды. Ал Францияда бұл рецепт XVI ғасырда қолданылды деген дерек кездескенімен, классикалық балмұздақ десертін дайындауды француздар екі ғасырдан кейін ғана үйренген.

Ал пломбир атауы Пломбьер-ле-Бем атты өндіріс орнымен байланысты қалыптасып кеткен. Стақандағы балмұздақ та Франциядан шыққан.

Ал эскимоны америкалықтар ХХ ғасырдың басында ойлап тапқан. Христиан Нельсон есімді аспаз балмұздақ сыртын шоколадпен қаптауды үйреніп, мұны "эскимос бәліші" деп атаған. Балмұздаққа арналған вафельді стақан да Америкада пайда болған.

Австрияда шоколдақты балмұздақ, Италияда салқындататын сусын – сорбет пайда болған. Ал КСРО-да балмұздақ 1930-жылдардың ортасында азық-түлік комитетінің төрағасы Анастас Микоянның АҚШ-қа сапарынан кейін шығарыла бастады. Кеңестік кондитерлер бұл десерттің өзіндік құны мейлінше арзан болуына мән беріп, балмұздақ әрбір адам үшін бағасы қолжетімді тәттіге айналуын қамтамасыз етті.

Загрузка...

Басты тақырып