Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Балмұздақ жеген саясаткерлер мен жұлдыздар – фото

Жазылу
Жаз мезгілінде әрбір адамның сүйіп жейтін асы – балмұздақ. Бұл тәттіні бала да, ересек те қатты ұнатады. Адамзат баласы дәм татқан алғашқы балмұздақ 1786 жылы пайда болған екен

Балмұздақ дәмі адам санасында бейқам балалық шақпен байланысты естеліктерді тудырады. Себебі күнде қол жете бермейтін бұл тәттіні ерекше мерекеде, туған күнде немесе отбасылық демалыста ғана сатып алған.

Балмұздақ миллиардтаған адамның сүйікті тәттісіне айналды. Олардың қатарында танымал саясаткерлер, актерлер мен жұлдыздар, тіпті ханзадалар да бар. Sputnik материалынан балмұздақ жеген сәтінде суретке түсіп қалған танымал тұлғаларды тамашалаңыз.

Балмұздақтың тарихы сонау үш мың жылдан бастау алатыны туралы деректер бар. Оған сәйкес, үш мың жыл бұрын Қытайда мұз, қар мен жеміс бөлшектерінен құралған салқын ас берілген. Кейіннен рецепті аса құпия сақталған сүт пен мұздан дайындалған тағам пайда болған. Сондай-ақ Көне Израиль мен Грецияда да салқын десерттер болған. Олар бүгінгінің мұздатылған сусындарына қатты ұқсас болған.

Еуропада мұздатылған сүт қолданылған рецепт XIV ғасырда ғана пайда болды. Ал Францияда бұл рецепт XVI ғасырда қолданылды деген дерек кездескенімен, классикалық балмұздақ десертін дайындауды француздар екі ғасырдан кейін ғана үйренген.

Ал пломбир атауы Пломбьер-ле-Бем атты өндіріс орнымен байланысты қалыптасып кеткен. Стақандағы балмұздақ та Франциядан шыққан.

Ал эскимоны америкалықтар ХХ ғасырдың басында ойлап тапқан. Христиан Нельсон есімді аспаз балмұздақ сыртын шоколадпен қаптауды үйреніп, мұны "эскимос бәліші" деп атаған. Балмұздаққа арналған вафельді стақан да Америкада пайда болған.

Австрияда шоколдақты балмұздақ, Италияда салқындататын сусын – сорбет пайда болған. Ал КСРО-да балмұздақ 1930-жылдардың ортасында азық-түлік комитетінің төрағасы Анастас Микоянның АҚШ-қа сапарынан кейін шығарыла бастады. Кеңестік кондитерлер бұл десерттің өзіндік құны мейлінше арзан болуына мән беріп, балмұздақ әрбір адам үшін бағасы қолжетімді тәттіге айналуын қамтамасыз етті.

© AP Photo / Loris FabbriniИталиялық актриса Мария Грация Кучинотта Риминидегі балмұздақ жәрмеңкесінде салқын десерттен дәм татып тұр. 1998 жылдың 24 қаңтары.
Итальянская актриса Мария Грация Кучинотта во время поедания мороженого в Римини  - Sputnik Қазақстан
1/15
Италиялық актриса Мария Грация Кучинотта Риминидегі балмұздақ жәрмеңкесінде салқын десерттен дәм татып тұр. 1998 жылдың 24 қаңтары.
© AP Photo / Mark J. TerrillКливленд Кавальерс - Лос-Анджелес Лейкерс кездесуінде Дональд Трамп эскимо жеп тұр. Бұл танымал кәсіпкер әлем саясатына қадам басқанға дейін түсірілген фото. 2005 жылдың 13 қаңтары.
Дональд Трамп ест эскимо во время игры Кливленд Кавальерс - Лос-Анджелес Лейкерс в Лос-Анджелесе, 2005 год - Sputnik Қазақстан
2/15
Кливленд Кавальерс - Лос-Анджелес Лейкерс кездесуінде Дональд Трамп эскимо жеп тұр. Бұл танымал кәсіпкер әлем саясатына қадам басқанға дейін түсірілген фото. 2005 жылдың 13 қаңтары.
© AFP 2024 / Christof StacheГермания канцлері Ангела Меркель Мюнхендегі халықаралық азық-түлік көрмесінде тәтті дайындаудан чемпион атанған аспаздың қолымен әзірленген балмұздақтың дәмін көруде. 2015 жылдың 13 наурызы.
Канцлер Германии Ангела Меркель во время поедания мороженого  в Мюнхене  - Sputnik Қазақстан
3/15
Германия канцлері Ангела Меркель Мюнхендегі халықаралық азық-түлік көрмесінде тәтті дайындаудан чемпион атанған аспаздың қолымен әзірленген балмұздақтың дәмін көруде. 2015 жылдың 13 наурызы.
© AP Photo / Jerome FavreГонконг актері әрі әнші Энди Лау All About Love альбомын таныстырғаннан кейін оған фанаттары үлкен ыдысқа салынған балмұздақты тарту етті. 2005 жылдың 23 тамызы.
Гонконгский актер и певец  Энди Лау во время поедания мороженого на Тайване  - Sputnik Қазақстан
4/15
Гонконг актері әрі әнші Энди Лау All About Love альбомын таныстырғаннан кейін оған фанаттары үлкен ыдысқа салынған балмұздақты тарту етті. 2005 жылдың 23 тамызы.
© AFP 2024 / Arthur EdwardsУильям ханзада мен оның жұбайы британдық герцогиня Кэтрин Кембриджская Оңтүстік Уэльстегі дәмханалардың бірінде балмұздақ жеп тұр. 2020 жылдың 4 ақпаны.
Принц Уильям с женой Кэтрин во время поедания мороженого в Южном Уэльсе - Sputnik Қазақстан
5/15
Уильям ханзада мен оның жұбайы британдық герцогиня Кэтрин Кембриджская Оңтүстік Уэльстегі дәмханалардың бірінде балмұздақ жеп тұр. 2020 жылдың 4 ақпаны.
© AFP 2024 / Phil NobleСолтүстік Уэльстегі сайлауалды науқан аясындағы кездесуден кейін Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон балмұздақтың көмегімен салқындамақ болды. 2021 жылдың 26 сәуірі.
 Премьер-министр Великобритании Борис Джонсон во время поедания мороженого в Северном Уэльсе  - Sputnik Қазақстан
6/15
Солтүстік Уэльстегі сайлауалды науқан аясындағы кездесуден кейін Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон балмұздақтың көмегімен салқындамақ болды. 2021 жылдың 26 сәуірі.
© AFP 2024 / Roberto SchmidtБолливуд жұлдызы Карина Капур Нью-Делиде балмұздақты бардың ашылуында эскимо жеп суретке түсті. 2015 жылдың 18 ақпаны.
Индийская актриса Карина Капур во время поедания мороженого в Нью-Дели  - Sputnik Қазақстан
7/15
Болливуд жұлдызы Карина Капур Нью-Делиде балмұздақты бардың ашылуында эскимо жеп суретке түсті. 2015 жылдың 18 ақпаны.
© AFP 2024 / Francesco PischetolaИталиялық саясаткер, бұрынғы премьер-министр Сильвио Берлускони 2006 жылдың 5 мамырында Неапольде балмұздақтан дәм татып жатыр.
Итальянский политик Сильвио Берлускони во время поедания мороженого в Неаполе - Sputnik Қазақстан
8/15
Италиялық саясаткер, бұрынғы премьер-министр Сильвио Берлускони 2006 жылдың 5 мамырында Неапольде балмұздақтан дәм татып жатыр.
© AP Photo / Jay LaPreteДжо Байден вице-президент қызметін атқарған кезде Америка шаттарында көп кездесу өткізетін. Суретте ол Огайо штатындағы Колумбус базарындағы дәмхананың бірінде үлкен балмұздақ сатып алып тұр.
Вице-президент Джо Байден во время поедания мороженого в Огайо, 2012 год  - Sputnik Қазақстан
9/15
Джо Байден вице-президент қызметін атқарған кезде Америка шаттарында көп кездесу өткізетін. Суретте ол Огайо штатындағы Колумбус базарындағы дәмхананың бірінде үлкен балмұздақ сатып алып тұр.
© Sputnik / Ekaterina Chesnokova / Медиабанкке өтуOmega компаниясының президенті Стивен Уркхарт пен актриса Синди Кроуфорд Мәскеуде OMEGA бутигінің ашылу салтанатында.
Президент компании Omega Стивен Уркхарт и модель и актриса Синди Кроуфорд на открытии бутика OMEGA в Москве - Sputnik Қазақстан
10/15
Omega компаниясының президенті Стивен Уркхарт пен актриса Синди Кроуфорд Мәскеуде OMEGA бутигінің ашылу салтанатында.
© AFP 2024 / Peter NichollsКезінде британдық министрлер кабинетін басқарған Тони Блэр өзіне және мирасқоры Гордон Браунға Гиллингемде балмұздақ сатып алып жатыр. 2005 жылдың 2 мамыры.
Премьер-министр Великобритании Тони Блэр во время покупки мороженого в Гиллингеме, 2005 год  - Sputnik Қазақстан
11/15
Кезінде британдық министрлер кабинетін басқарған Тони Блэр өзіне және мирасқоры Гордон Браунға Гиллингемде балмұздақ сатып алып жатыр. 2005 жылдың 2 мамыры.
© AFP 2024 / Justin Sullivan/Getty ImagesАҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы, президент сайлауына түскен Хиллари Клинтон Нью-Йоркте праймериз қарсаңындағы кездесулер арасында балмұздақ жеп отыр. 2016 жылдың 18 сәуірі.
Кандидат в президенты США Хиллари Клинтон во время поедания мороженого в Нью-Йорке  - Sputnik Қазақстан
12/15
АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы, президент сайлауына түскен Хиллари Клинтон Нью-Йоркте праймериз қарсаңындағы кездесулер арасында балмұздақ жеп отыр. 2016 жылдың 18 сәуірі.
© Sputnik / Aleksey Nikolskyi / Медиабанкке өтуРесей президенті Владимир Путин мен Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Халықаралық авиағарыш салонымен танысу барысында балмұздақ жеп келеді. 2019 жылдың 27 тамызы.
Президент РФ Владимир Путин и президент Турции Реджеп Тайип Эрдоган с мороженым во время посещения Международного авиакосмического салона МАКС-2019 - Sputnik Қазақстан
13/15
Ресей президенті Владимир Путин мен Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Халықаралық авиағарыш салонымен танысу барысында балмұздақ жеп келеді. 2019 жылдың 27 тамызы.
© AFP 2024 / Todd Oren/Getty Images for MamiyeАмерикалық танымал актриса Белла Торн Лос-Анджелестегі кештердің бірінде балмұздақ жеп тұр. 2013 жылдың 7 қазаны.
Актриса Белла Торн во время поедания мороженого в Лос-Анджелесе  - Sputnik Қазақстан
14/15
Америкалық танымал актриса Белла Торн Лос-Анджелестегі кештердің бірінде балмұздақ жеп тұр. 2013 жылдың 7 қазаны.
© AFP 2024 / Saul LoebАҚШ тарихындағы алғашқы қара нәсілді президент Барак Обама қызы Малиямен бірге Гавайи аралдарындағы демалыста балмұздақ жеп отыр. 2010 жылдың 27 желтоқсаны.
Президент США Барак Обама во время поедания мороженого с дочерью на Гавайях, 2010 год  - Sputnik Қазақстан
15/15
АҚШ тарихындағы алғашқы қара нәсілді президент Барак Обама қызы Малиямен бірге Гавайи аралдарындағы демалыста балмұздақ жеп отыр. 2010 жылдың 27 желтоқсаны.
Жаңалықтар
0