Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Әбілхан Қастеев музейіне саяхат: жұртты тамсандырған туындылар – фото

Жазылу
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі 1976 жылы Шевченко атындағы Қазақ мемлекеттік көркемсурет галереясының және республикалық қолданбалы өнер музейінің қоры негізінде қаланған

Музейге 1984 жылы қаңтарда Қазақ КСР халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің есімі берілді. Қазір мұнда Қазақстанның бейнелеу өнері, Қазақстанның қолданбалы өнері, шетел классикалық өнері, жаңа дәуірдегі шетел өнері, қайта қалыпқа келтіру, көрме және экспозиция, насихаттау және экскурсиялық қызмет көрсету, ақпарат және баспа ісі ғылыми орталықтары бар. Сондай-ақ сурет өнерінің түрлі жанры музей сөрелерінен орын тепкен.

Музейге аты берілген Әбілхан Қастеев – Қазақстанның бейнелеу өнер тарихында өшпес із қалдырған дарынды тұлға. Қастеевтің шығармашылығы жан-жақты, сан қырлы. Ол қазақ халқының белгілі тұлғалары Шоқан Уәлихановтың, Абай Құнанбаевтың, Жамбыл Жабаевтың, Амангелді Имановтың портретін бірнеше рет салған. Музейде Қастеев туындылары бөлек залда тұр.

Сонымен қатар қазір музейде Алматының туған күніне орай "Алматы суретшілер көзімен" көрмесі өтіп жатыр. Ол жерде қала суретшілері мегаполистің көрікті жерлерін қағазға түсірген туындылары қойылған.

Сондай-ақ суретші Николай Константинович Рерихтің "Рухтың шыңдары" көрмесі ашылған. Оның туындылары таудың алып шыңдарына ұмтылу, рухани даму ізденістеріне шақырады. Рерихті туындыларына қарап "Тау шебері" деп атаған. Себебі ол Гималайдың жан дүниесін ашып көрсеткен.

Музейде қандай туындылар бар екенін Sputnik Қазақстан фотолентасынан көріңіз.

© Sputnik / Тимур БатыршинҚазақстан Республикасының мемлекеттік Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі 1976 жылы Шевченко атындағы Қазақ мемлекеттік көркемсурет галереясының және республикалық қолданбалы өнер музейінің қоры негізінде қаланған.
Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі  - Sputnik Қазақстан
1/23
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі 1976 жылы Шевченко атындағы Қазақ мемлекеттік көркемсурет галереясының және республикалық қолданбалы өнер музейінің қоры негізінде қаланған.
© Sputnik / Тимур БатыршинМузейге 1984 жылы қаңтарда Қазақ КСР халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің есімі берілді.
Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі  - Sputnik Қазақстан
2/23
Музейге 1984 жылы қаңтарда Қазақ КСР халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің есімі берілді.
© Sputnik / Тимур БатыршинҚазір көрмеде Алматының туған күніне орай "Алматы суретшілер көзімен" көрмесі өтіп жатыр. Ол жерде қала суретшілері мегаполистің көрікті жерлерін бейнелеген. Фотода: суретші Күлбатыровтың "Опера және балет театры" суреті.
Суретші Күлбатыровтың Опера және балет театры суреті - Sputnik Қазақстан
3/23
Қазір көрмеде Алматының туған күніне орай "Алматы суретшілер көзімен" көрмесі өтіп жатыр. Ол жерде қала суретшілері мегаполистің көрікті жерлерін бейнелеген. Фотода: суретші Күлбатыровтың "Опера және балет театры" суреті.
© Sputnik / Тимур БатыршинКүлбатыровтың "Алматы көрінісі" суреті. Онда Алатау, Көктөбе мұнарасы мен "Қазақстан" қонақ үйі бейнеленген.
Күлбатыровтың Алматы көрінісі суреті - Sputnik Қазақстан
4/23
Күлбатыровтың "Алматы көрінісі" суреті. Онда Алатау, Көктөбе мұнарасы мен "Қазақстан" қонақ үйі бейнеленген.
© Sputnik / Тимур БатыршинСуретші Омышев Алматының орталық мешітін салған. Туынды Алматының туған күніне орай "Алматы суретшілер көзімен" көрмесіне қойылған.
Алматы суретшілер көзімен көрмесі - Sputnik Қазақстан
5/23
Суретші Омышев Алматының орталық мешітін салған. Туынды Алматының туған күніне орай "Алматы суретшілер көзімен" көрмесіне қойылған.
© Sputnik / Тимур Батыршин"Алматы суретшілер көзімен" көрмесі 19 қыркүйекте ашылды, ол 3 қазанға дейін жалғасады.
Алматы суретшілер көзімен көрмесі - Sputnik Қазақстан
6/23
"Алматы суретшілер көзімен" көрмесі 19 қыркүйекте ашылды, ол 3 қазанға дейін жалғасады.
© Sputnik / Тимур БатыршинМузейге келіп жатқан адам көп. Эстетиканы жақсы көретін жастар мұнда арнайы келіп, фотосессия жасайды.
Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі  - Sputnik Қазақстан
7/23
Музейге келіп жатқан адам көп. Эстетиканы жақсы көретін жастар мұнда арнайы келіп, фотосессия жасайды.
© Sputnik / Тимур БатыршинМузейде әртүрлі жанрдағы өнер туындысын тамашалауға болады. Арасында мүсін де, портрет те, натюрморт та бар. Фотода: "Балықшы қыз" терракотасы
Балықшы қыз терракотасы - Sputnik Қазақстан
8/23
Музейде әртүрлі жанрдағы өнер туындысын тамашалауға болады. Арасында мүсін де, портрет те, натюрморт та бар. Фотода: "Балықшы қыз" терракотасы
© Sputnik / Тимур БатыршинСалихитдин Айтбаевтың "Бақыт" туындысы.
Салихитдин Айтбаевтың Бақыт туындысы. - Sputnik Қазақстан
9/23
Салихитдин Айтбаевтың "Бақыт" туындысы.
© Sputnik / Тимур БатыршинМузейде Қазақстанның бейнелеу өнері, Қазақстанның қолданбалы өнері, шетел классикалық өнері, жаңа дәуірдегі шетел өнері, қайта қалыпқа келтіру, көрме және экспозиция, насихаттау және экскурсиялық қызмет көрсету, ақпарат және баспа ісі ғылыми орталықтары бар.
Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі  - Sputnik Қазақстан
10/23
Музейде Қазақстанның бейнелеу өнері, Қазақстанның қолданбалы өнері, шетел классикалық өнері, жаңа дәуірдегі шетел өнері, қайта қалыпқа келтіру, көрме және экспозиция, насихаттау және экскурсиялық қызмет көрсету, ақпарат және баспа ісі ғылыми орталықтары бар.
© Sputnik / Тимур БатыршинӘбілхан Қастеев – Қазақстанның бейнелеу өнер тарихында өшпес із қалдырған дарынды тұлға. Қастеевтің шығармашылығы жан-жақты, сан қырлы. Ол қазақ халқының белгілі тұлғалары Шоқан Уәлихановтың, Абай Құнанбаевтың, Жамбыл Жабаевтың, Амангелді Имановтың портретін бірнеше рет салған. Музейде Қастеев туындылары бөлек залда тұр.
Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі  - Sputnik Қазақстан
11/23
Әбілхан Қастеев – Қазақстанның бейнелеу өнер тарихында өшпес із қалдырған дарынды тұлға. Қастеевтің шығармашылығы жан-жақты, сан қырлы. Ол қазақ халқының белгілі тұлғалары Шоқан Уәлихановтың, Абай Құнанбаевтың, Жамбыл Жабаевтың, Амангелді Имановтың портретін бірнеше рет салған. Музейде Қастеев туындылары бөлек залда тұр.
© Sputnik / Тимур БатыршинӘбілхан Қастеев туындылары
Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі  - Sputnik Қазақстан
12/23
Әбілхан Қастеев туындылары
© Sputnik / Тимур БатыршинӘбілхан Қастеевтің "Таудағы мұз айдыны" туындысы. Суретші Медеу мұз айдынын 1955 жылы салған.
Әбілхан Қастеевтің Таудағы мұз айдыны туындысы - Sputnik Қазақстан
13/23
Әбілхан Қастеевтің "Таудағы мұз айдыны" туындысы. Суретші Медеу мұз айдынын 1955 жылы салған.
© Sputnik / Тимур БатыршинӘбілхан Қастеев "Қапшағай су электр станциясы" туындысын 1972 жылы салған.
Қапшағай су электр станциясы туындысы - Sputnik Қазақстан
14/23
Әбілхан Қастеев "Қапшағай су электр станциясы" туындысын 1972 жылы салған.
© Sputnik / Тимур БатыршинМузейдегі орыс өнер коллекциясы 17 ғасырдан бастап 1917 жылға дейінгі аралықтағы өнер туындыларын қамтиды.
Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі  - Sputnik Қазақстан
15/23
Музейдегі орыс өнер коллекциясы 17 ғасырдан бастап 1917 жылға дейінгі аралықтағы өнер туындыларын қамтиды.
© Sputnik / Тимур БатыршинМузейдегі орыс өнері залындағы туындылар
Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі  - Sputnik Қазақстан
16/23
Музейдегі орыс өнері залындағы туындылар
© Sputnik / Тимур БатыршинӘбілхан Қастеев атындағы өнер музейіне келушілер
Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі - Sputnik Қазақстан
17/23
Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейіне келушілер
© Sputnik / Тимур БатыршинҚаламгер Мұхтар Әуезов бюсті
Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі - Sputnik Қазақстан
18/23
Қаламгер Мұхтар Әуезов бюсті
© Sputnik / Тимур БатыршинМузейде Николай Константинович Рерихтің "Рухтың шыңдары" көрмесі өтіп жатыр. Оның туындылары таудың алып шыңдарына ұмтылу, рухани даму ізденістеріне шақырады.
Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі - Sputnik Қазақстан
19/23
Музейде Николай Константинович Рерихтің "Рухтың шыңдары" көрмесі өтіп жатыр. Оның туындылары таудың алып шыңдарына ұмтылу, рухани даму ізденістеріне шақырады.
© Sputnik / Тимур БатыршинРерихтің туындылары. Қылқалам шеберінің символдық мәнге ие, сондай-ақ түрлі сюжеттік композициялары ұсынылған.
Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі - Sputnik Қазақстан
20/23
Рерихтің туындылары. Қылқалам шеберінің символдық мәнге ие, сондай-ақ түрлі сюжеттік композициялары ұсынылған.
© Sputnik / Тимур БатыршинРерихті туындыларына қарап "Тау шебері" деп атаған. Себебі ол Гималайдың жан дүниесін ашып көрсеткен.
Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі - Sputnik Қазақстан
21/23
Рерихті туындыларына қарап "Тау шебері" деп атаған. Себебі ол Гималайдың жан дүниесін ашып көрсеткен.
© Sputnik / Тимур БатыршинҚазақ ақыны Олжас Сүлейменов бейнеленген туынды қазақ өнері залының көркі болып тұр.
Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі - Sputnik Қазақстан
22/23
Қазақ ақыны Олжас Сүлейменов бейнеленген туынды қазақ өнері залының көркі болып тұр.
© Sputnik / Тимур БатыршинКүләш Байсейітова, Қыз Жібек суреті де қазақ өнері залының сұлулығын арттырып тұрған туындылар.
Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі - Sputnik Қазақстан
23/23
Күләш Байсейітова, Қыз Жібек суреті де қазақ өнері залының сұлулығын арттырып тұрған туындылар.
Жаңалықтар
0