Видео

Терроризмге тосқауыл: "Бейбіт миссия-2021" оқу-жаттығуы қалай өтті

Жазылу
Ресейдің Оренбург облысының "Донгуз" полигонында Шанхай ынтымақтастық ұйымының "Бейбіт миссия-2021" терроризмге қарсы командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Оған қазақстандық әскерилер де қатысты

Қазақстанның әскери контингенті "Батыс" өңірлік қолбасшылығының барлау-шабуылдау ротасы, танк бөлімшелерімен және ұшқышсыз басқарылатын құрылғылар есептоптарымен бірге заңсыз қаруланған құралымдардың шабуылын тежеуді, қарсы шабуылға шығуды және шартты қарсыласты жоюды пысықтады.

"Бейбіт миссия-2021": Орталық Азия террористерге төтеп бере ала ма

Ұрыс әрекеттері үш кезеңде, бес оперативті іс-қимыл көрінісі ретінде өтті. Бірінші кезеңде – жағдайды тұрақтандыру жүргізілді, сосын ауданды ақпараттық бұғаттау іс-қимылы орындалды. Бұдан басқа, шартты қарсыластың ірі құралымдарының жауынгерлік қабілетін төмендету, сондай-ақ олардың материалдық құралдары мен оқ-дәрілер қорын жою шаралар кешені іске асырылды.

Екінші және үшінші кезеңдерде әскери контингенттер террорлық құралымды тоқтату үшін шабуыл жасау, қалған қарақшы топтарды жою және қақтығыстан кейінгі реттеу іс-қимылдарын жүргізді.

Тараздағы жарылыстан кейін қорғаныс министрлігін не күтіп тұр – видео

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер арасында өткен "Бейбіт миссия-2021" бірлескен әскери терроризмге қарсы командалық-штабтық оқу-жаттығуының тәжірибелік іс-қимылына Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан Қарулы Күштерінің әскери басқару органдары, құрлық әскерлерінің бөлімшелері және авиациясы жұмылдырылды. Беларусь Республикасының әскери контингенті оқу-жаттығуға алғаш рет қатысты.

Оқу-жаттығудың қалай өткенін видеодан тамашалаңыз. 

Жаңалықтар
0