Видео

Тараздағы жарылыстан кейін қорғаныс министрлігін не күтіп тұр – видео

Жазылу
Жамбыл облысындағы әскери бөлімде болған қайғылы оқиғадан төрт күн өткен соң қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев отставкаға кетті

Sputnik Қазақстан тілшісі саяси шолушы Ғазиз Әбішевпен жаңа басшы келгеннен кейін ведомствода не өзгеретінін, күзде Қазақстан үкіметін қандай ауыс-түйіс күтіп тұрғаны жайлы әңгімелесті.

Әбішевтің айтуынша, Ермекбаевтың отставкаға кетуі – экс-министрдің саяси жауапкершілігі.

Ол қорғаныс министрінің тікелей қылмыстық жауапкершілігі жоқ екенін, бұл ретте тек ұйымдастырушылық-саяси жауапкершілік алатынын атап өтті, ол отставкаға сол үшін жіберілген. Сонымен қатар жоғары жақтан кінәлілерді іздей бастаса, қылмыстық жауапкершілікке де тартылуы мүмкін.

Толығырақ видеодан көріңіз.

Еске сала кетейік, 26 тамызда әскери бөлім қоймаларында кем дегенде 10 жарылыс болды. Өрт шығып, оқ-дәрі жарылды. Өртті сөндіріп, жарылыс салдарын жоюға өрт сөндірушілер мен әскерилер жіберілді. Төтенше оқиға салдарынан 15 адам көз жұмды, 90-ға жуық адам жарақат алды. 

Жаңалықтар
0