НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. АҚШ конгресінің өкілдер палатасы қорғаныс бюджетін қабылдады. Соның аясында Мәскеуге қарсы санкцияларды күшейту қарастырылып отыр. Sputnik радиосына сұхбат берген Ресей саяси сарапшылар мен кеңесшілер қауымдастығының мүшесі Кирилл Коктыш бұл шаралар АҚШ-тың өзіне қалай әсер ететінін айтты.
Конгрессмендер жаңа шектеу шараларын енгізуге келісті. Атап айтқанда, "Солтүстік ағын - 2" газ құбыры мен Ресейдің егемен қарызына қатысты шектеулерді кеңейту қарастырылған. Сондай-ақ 35 адамға қатысты санкциялар бар. Ол тізімге ресми тұлғалар, бизнесмендер мен журналистер кіреді. Құжат жобасы сенаттың қарауынан өтуге тиіс. Сосын президент Джо Байден қол қоюы қажет.
Саяси сарапшылар мен кеңесшілер қауымдастығының мүшесі, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының саяси теория кафедрасының доценті Кирилл Коктыштың ойынша, жаңа санкциялар, соның ішінде Ресей Федерациясының егемен қарызына қатысты шектеулер АҚШ-тың өзіне кері әсерін тигізеді.
"Әлбетте, сан алуан шектеулер, соның ішінде банкаралық төлемдердің SWIFT жүйесінен ажырату сияқты шаралар да болуы мүмкін. Соның салдарынан сауда операциялары қиындап кетеді. Бірақ SWIFT-тің өзі Ресейді ешкім ажыратпайды деп отыр. Бұның бәрі – бос сөз. Ондай шаралар қисынға келмейді", - деді Коктыш Sputnik радиосына берген сұхбатында.
Оның айтуынша, SWIFT-ке клиенттен айырылған тиімсіз. Компания имиджіне де кері әсерін тигізеді. Өйткені Иранды ажыратқан кезде ешкімге оңай соқпады.
"Бұдан бөлек, ондай санкциялар криптовалютаға көшуді жылдамдатады. Демек АҚШ-тың өзіне тиімсіз болады. Себебі доллармен құрылған экономикалық кеңістік және басқа да валюталық аймақтар бұзылады. АҚШ соның бәрін үдетіп жібереді", - деп түсіндірді сарапшы.
Оқи отырыңыз:
- АҚШ-тың санкциялары Қазақстанға салқынын тигізе ме?
- SWIFT жүйесі санкцияны күшейте ме – сарапшы пікірі
- Ресей Қазақстаннан санкция салынған картоп жеткізілгенін мәлімдеді – АШМ жауабы