НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Ресейге қарсы санкцияларға жұмылдырылуы мүмкін. Ресей сыртқы істер министрлігі экономикалық ынтымақтастық департаментінің директоры Дмитрий Биричевский РИА Новостиге берген сұхбатында осындай мәлімдеме жасады.
"Ресейді SWIFT жүйесінен ажырату туралы қоқан-лоқы АҚШ тарапынан болып жатқаны ешкім үшін жасырын емес", – деп еске салды ол.
"Біздің батыстық әріптестеріміз қолданып жатқан шараларды әлем аренасында өз өндірушілері мен өз мүдделерін қорғау мақсатындағы кедергілер деп қана атауға болады. SWIFT жүйесі де осы санкциялар шиыршығына тартылғаны жөнінде күдік бар", – деп мәлімдеді Биричевский.
Дипломат Ресейді аталған жүйеден ажыратқан жағдайда қажет болатын балама жүйе әзірленіп жатқанын еске салды.
Соңғы мәлімет бойынша, аталған ресейлік жүйеге Армения, Белоруссия, Қырғызстан, Қазақстан, Германия және Швейцариядағы 23 мекеме қатысып отыр.
"Біздің түсінуімізше, әзірше бұл тек сөз жүзінде қалып отыр. Әйтсе де ол жағдайға дайындалған дұрыс. Ресей көп уақыттан бері бұл бағытта дайындық жұмыстарын жүргізіп келеді", – деді ол.
SWIFT – бұл әлемнң барлық дерлік еліндегі 11 мыңнан астам ірі ұйым қосылған мәлімет алмасу және төлем жасауға арналған банкаралық жүйе. БАҚ-та санкциялық шектеу ретінде Ресейді осы жүйеден ажырату жоспары туралы ақпарат жиі пайда болып тұрады.
Әйтсе де бұл жоспарды жүзеге асыру соншалық оңай емес. ЕО сыртқы саясат және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррельдің айтуынша, SWIFT – бұл жеке ұйым және Еуроодақта одан ажырату құқығы жоқ. Ресей банкі де мұндай қауіптің жоқ екенін мәлімдеді.