Білім

Қазақстанда тағы бір университет бас лицензиясынан айырылды

© Photo : vidhyarthidarpanАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.09.2021
Жазылу
Сот шешімімен жоғары оқу орны әкімшілік жауапкершілікке тартылды, студенттер семестрдің аяқталуын күтпей-ақ басқа университеттерге ауыса алады

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Алматыдағы Шет тілдер және іскерлік карьера университеті бас лицензиясынан айырылды.

Қайта тексеру қорытындысы бойынша 46 тармақтың 39-ы бойынша заңбұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

"Шет тілдер және іскерлік карьера университетінде білім сапасын қамтамасыз етудің ішкі жүйесі қалыптаспаған. Білім беру бағдарламаларын, жеке оқу жоспарларын талдау белгілі бір пәндер бойынша кредиттерді игеруде үлкен айырмашылықтарды көрсетті. Тиісінше, білім алушылар пәндерді толық көлемде меңгермейді. Оқыту нәтижелері бойынша студенттердің 90%-і шекті деңгейден өте алмады", - дейді БҒМ білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова.

Ведомство ақпаратынша, университетке уақыт берілген, алайда білім мекемесі заңбұзушылықтарды жоюға асықпаған. Нәтижесінде Алматы қаласы әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты университетті бас лицензиясынан айыру туралы шешім шығарды.

Сондай-ақ, сот шешімімен жоғары оқу орны нұсқаманы орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Заңнамаға сәйкес, лицензиядан айырылған жағдайда, студенттер семестрдің аяқталуын күтпей-ақ басқа университеттерге ауыса алады.

Министрлік студенттер мен ата-аналарды, жұмыс берушілерді жоғары оқу орындары көрсететін білім беру қызметтерінің сапасына назар аударуға шақырды.

Бұған дейін Алматыдағы Шет тілдер және іскерлік карьера университеті бас лицензиядан айырылу алдында тұрғаны хабарланған болатын. Жоғары оқу орнына профилактикалық бақылау жүргізу кезінде 46 тармақтың 39 тармағы бойынша заңбұзушылықтар анықталды.

Еске салсақ, биыл жазда Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті де өз қызметін тоқтатқан болатын.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0