Қоғам

Лицензиясынан айырылған университет студенттері не істейді – министрлік жауабы

© Photo : Минобразования РКЕНТ-2020
ЕНТ-2020 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Студенттерді басқа оқу орындарына ауыстыру қажеттілігі туындауына байланысты министрлік нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізді

АЛМАТЫ, 28 қазан – Sputnik. Лицензиясынан айырылған жоғары оқу орындарының студенттері семестрдің аяқталуын күтпей-ақ басқа университетке ауыса алады. Бұл туралы білім және ғылым министрлігі хабарлады.

"Жоғары оқу орындары жабылып, студенттерді басқа оқу орындарына уақытылы ауыстыру қажеттілігі туындауына байланысты министрлік нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізді", - делінген хабарламада.

Соған сәйкес, ЖОО білім беру қызметімен айналысу лицензиясынан немесе лицензияға қосымшадан айырылғанда немесе жоғары оқу орны жабылған жағдайда аталған оқу орнының студенттері семестрдің аяқталуын күтпей-ақ бірден басқа жоғары оқу орындарына ауыса алады.

Бұл студенттердің оқуын жалғастыруы үшін жасалып отыр.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда көне жоғары оқу орындардың бірі жабылатын болды 

Айта кетейік, бұған дейін министрлік Алматыдағы Мұхамеджан Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын бас лицензиясынан айырды.

Сонымен қатар білім министрлігі "педагогикалық ғылымдар", "өнер", "гуманитарлық ғылымдар", "жаратылыстану ғылымдары", "техника ғылымдары", "қызмет көрсету" және "әлеуметтік жұмыс", "әлеуметтік ғылымдар" бағыты бойынша мамандар даярлаған 25 жоғары оқу орнын лицензиясынан айырған еді.

Жаңалықтар
0