Әлем

Жапониялық 107 жастағы егіздер Гиннес рекордтар кітабына енді

© REUTERS / Issei Katoфукусима
фукусима - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.09.2021
Жазылу
Түрлері ұқсағанымен екеуінің мінезі екі түрлі. Умено жігерлі әрі батыл болса, Коуме - нәзік жанды адам

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. Жапонияда тұратын апалы-сіңлілі Умено Сумияма мен Коуме Кодама 107 жаста, екеуі әлемдегі ең қарт егіздер болып саналады, деп хабарлайды Гиннес рекордтар кітабының ресми сайты

Умено мен Коуме 1913 жылы 5 қарашада Кагава префектурасына кіретін Седо аралында дүниеге келген. Олардың отбасында 13 бала болған.

Түрлері ұқсағанымен екеуінің мінезі екі түрлі. Умено жігерлі әрі батыл болса, Коуме - нәзік жанды адам. Бірақ екеуі де позитивті ойлап, адаммен тез тіл табысып кетеді.

Олар жас кезінен бастап бөлек тұрады. Коуме орта мектепті бітіргеннен кейін ағасына көмектесемін деп, аралдан көшіп кеткен. Ал Умено туған жерінде тұрмысқа шығып, II Дүниежүзілік соғыстың соңында басқа жаққа көшіп барды.

Егіздер бір-бірінен 300 шақырым шалғай тұрды. Сол себепті жиі кездесе алмайды. Тойда немесе біреуді жерлеу кезінде ғана жүздесіп келген. Ал 70 жаста екеуі будда қажылығына барып келді.

Қазіргі кезде Умено мен Коуме қарттар үйінде екі бөлек тұрады.

Коронавирус пандемиясына байланысты Гиннес рекордтар кітабының өкілдері егіздерге бара алмады. Бірақ "әлемдегі ең қарт егіздер" деген куәлікті поштамен жіберді. Қарттар үйінің ұжымы оны салтанатты түрде табыстады.

Умено куәлікті алғанда жылап жіберді. Ал Коуменің есте сақтау қабілеті бұрынғыдай емес. Сол себепті куәліктің қаншалықты маңызды екенін сезіне алмады.

Оқи отырыңыз: 

 

Жаңалықтар
0