Әлем

Мереке күні Санта-Клаус келген: қарттар үйінде 23 адам көз жұмды

CC0 / Klaus Hausmann / Санта Клаус
Санта Клаус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарттар үйіне қарияларды мерекемен құттықтауға келген еріктіден коронавирус табылды. Ол мекемеде болғаннан кейін бірнеше күн өткен соң тест тапсырған

НҰР-СҰЛТАН, 28 желтоқсан – Sputnik. Бельгияда қарттар үйінде Әулие Николай күнін тойлағаннан кейін коронавирус өршіді. Мереке күні мекемеге Санта-Клаус костюмін киген ерікті келген.

Антверпен провинциясына қарайтын Мол қаласындағы қарттар үйінде соңғы үш аптада COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 23 адамға жетті, деп мәлімдеді қала басшысы Вим Кайерс.

"Коронавирус тесті оң нәтиже көрсеткен тағы бес адам көз жұмды. Өкінішке қарай, барлығы 23 адам қайтыс болды", - деп келтірді қала басшысының сөзін Belga ақпарат агенттігі.

Бұған дейін қарттар үйінде Әулие Николай күнін мерекелегеннен кейін 125 адам коронавирус жұқтырғаны хабарланған еді. Бұл мереке Бельгияда 6 желтоқсанда аталып өтеді, деп жазады РИА Новости. Болжам бойынша індеттің жаппай таралуына мейрам күні Әулие Николай рөлін сомдаған еріктінің келуі себеп болған.

Еріктінің бірнеше күннен кейін тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті.

Тағы оқыңыз: "Алғаш рет шын ғашық болдым": қарттар үйінде сүйіктісін кездестірген қарияның әңгімесі

Алайда мекеме қызметкерлері ер адамның сол күні медициналық бетперде мен қолғабын шешпегенін айтады.

Елдің жетекші вирусологтарының бірі Марк ван Ранст әртістің бірден бірнеше адамға инфекция жұқтырғанына сенбейді. Айтуынша, жаппай ауруға ғимараттың нашар желдетілуі себеп болуы мүмкін.

Қазіргі таңда Бельгияда күн сайын орта есеппен 2,3 мыңға жуық адам індетке шалдығады.

Жаңалықтар
0