Өңірлер

Шымкент жүргізушілері дизель отынын таппай сабылып жүр

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтудизель
дизель - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.09.2021
Жазылу
Қазір қалада дизель отыны 199-200 теңге шамасында сатылып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. Шымкентте тағы да дизель тапшылығы туындады, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Көлік жүргізушілері жағар майды ақшасына таппай жүр.  Айтуларынша, май құю бекеттерінің кейбірінде дизель отыны болғанымен тек талонмен ғана құяды.  

"Бір апта болды ғой, жоқ. Барсаң талон дейді, карточка дейді. Сонымен қайтамыз рақмет дейміз да. Қайдан аламыз біз талонды", - дейді көлік жүргізушілердің бірі Тайыр Төреханов.  

Қазір қалада дизель отыны 199-200 теңге шамасында сатылып жатыр. Ал Жетісай бағытына жүретіндер мақталы өңірде жағармайдың 1 литрін 240 теңгеден құйып жатырмыз дейді. 

Оңтүстік Қазақстан облысы жанар-жағар май қауымдастыңының төрағасы Қайыпбек Қамбаровтың айтуынша, жағар май бар, бірақ қымбат. 

"Біз көріп жүрміз күнде, жер-жерде жағар май сатылып жатыр. Ал өзіміздің кәсіпкерлер мөлшерінен екі есе аз алып жатыр. Дизель бар. Бірақ бағасы қымбат. Оны істеп отырған ортадағы алыптасарлар. Олар көбейіп кеткендіктен мәселе туындады", - дейі ол.

Оқи отырыңыз:

 

Жаңалықтар
0