Экономика

Досаев бензин неге қымбаттағанын түсіндірді

© Sputnik / Тимур БатыршинАвтозаправочная станция, архивное фото
Автозаправочная станция, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2021
Жазылу
Мұнай өнімдерін тасымалдау тарифтерінің артуы және ішкі ұсыныстың төмендеуіне байланысты бензин бағасы жыл басынан бері 11,6%-ке қымбаттаған

НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев бензин бағасы неге өскенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мұнай өнімдерін тасымалдау тарифтерінің артуы және ішкі ұсыныстың төмендеуі аясында жыл басынан бастап бензин бағасының 11,6%-ке өскені байқалады", - деді Досаев үкімет отырысында.

Айтуынша, биыл сәуірде Қазақстанда инфляция өткен айдағы 7% деңгейінде сақталды.

Азық-түлік инфляциясы нан-тоқаш өнімдері, ет, қант және жеміс-көкөніс бағасы өсімінің төмендеуі аясында 10,7%-тен 9,8%-ке дейін баяулады.

Іскерлік белсенділіктің жандануы, халық кірісінің қалпына келуі, импорттың өсуі нәтижесінде азық-түлікке жатпайтын инфляция 5,6%-тен 6,4%-ке дейін жеделдеді.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының ай сайынғы өсімі 2017 жылдың қазанынан бері ең жоғары мәнді көрсетті.

Жаңалықтар
0