Қоғам

Қазақстан 16 елмен әуе қатынасын жандандырады

© Photo : PixabayАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.09.2021
Жазылу
Эпидемиологиялық ахуалы қолайлы отыз мемлекетпен Қазақстанға кіру үшін визасыз режим қайта басталады

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан 27 қыркүйектен бастап карантинді жеңілдетеді және бірқатар мемлекетпен әуе қатынасын жандандырады.

Вице-премьер Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында 16 елмен әуе қатынасын жандандыру және ұлғайту туралы шешім қабылданды.

Олар: Ресей Федерациясы, Түркия, БАӘ, Өзбекстан, Германия, Мальдив, Корея, Польша, Венгрия, Италия, Чехия, Шри-Ланка, Қытай, Сауд Арабиясы, Кувейт және Әзербайжан.

Сондай-ақ эпидемиологиялық ахуалы қолайлы және вакцинация деңгейі жоғары 30 мемлекетпен Қазақстанға кіру үшін визасыз режим қайта басталады. Олар: Италия, Нидерланды, Франция, Германия, Испания, Жапония, БАӘ, Сауд Арабиясы, Кувейт, Польша Дания, Чили, Венгрия, Корея, Чехия, Бахрейн, Катар, Монако, Кипр, Исландия, Финляндия, Мальта, Швеция, Португалия, Лихтенштейн, Словакия, Люксембург, Канада, Сингапур, Бельгия.

Тағы оқыңыз: Түркия ел аумағына кіретін 12 жасқа дейінгі балалар үшін ПТР-тестті алып тастады

Тоғжанов әкімдіктерге әуежайларда, теміржол вокзалдарында, ірі базарлар мен сауда орындарында вакцинация пунктерін ұйымдастыруды тапсырды.

ВАК отырысының қорытындысы бойынша вице-премьер бірқатар тапсырма берді.

Жаңалықтар
0