Оқиға

Қостанайда жертөледегі жарылыстан зардап шеккен екі адам көз жұмды

© AFP 2024 / SEBASTIEN BOZONжансақтау бөлімі
жансақтау бөлімі - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2021
Жазылу
Зардап шеккендер Қостанай қалалық ауруханасына жеткізілген болатын. Олардың денесін қатты күйік шалған

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек – Sputnik. Қостанай қаласында болған жарылыста зардап шеккен екі адам көз жұмды, деп хабарлады "Костанайские новости".

Олар жарылыс салдарынан қатты күйік алған. 1995 жылғы ер адам 19 қыркүйекте, 1984 жылғы азамат 20 қыркүйекте таңғы бесте көз жұмды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Наша Газета|Новости| Kostanay (@ng.kz_)

Бейсенбі күні, 16 қыркүйекте Қостанайда жер үйдің жертөлесінде жарылыс болды. Куәгерлердің айтуынша, үш ер адам монтаждау көбігімен жұмыс істеп жатқан.

Зардап шеккен үш адам да Қостанай қалалық ауруханасына жеткізілген.

"1995 жылғы ер адамның басын, кеудесі мен аяқ-қолын үшінші дәрежелі күйік шалды, терісінің 80%-і күйді. 1984 жылғы ер адамның терісінің 35%-і күйді, басы, кеуде тұсы мен тыныс жолдарын үшінші дәрежелі күйік шалды. Екеуі де жансақтау бөлімінде жатыр", - деп нақтылады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева.

Ал 1983 жылғы үшінші азаматтың беті мен басының бір бөлігін екінші дәрежелі күйік шалған, барлығы 12%. Ол ауруханаға жатудан бас тартты.

Оқи отырыңыз: 

 

 

Жаңалықтар
0