Оқиға

Атырау облысында үйде газ жарылып, бір әйел көз жұмды

© Photo : Пресс-служба акимата Нур-СултанаГаз, архивтегі сурет
Газ, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2021
Жазылу
Төтенша жағдай салдарынан 12 жастағы бала зардап шекті, оның денесін 85% күйік шалған. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде – Sputnik. Атырау облысында тұрғын үйлердің бірінде газ жарылды. Салдарынан бір адам қаза болды.

Газовое оборудование  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2021
Өңірлер
Полицейлер пәтерді жауып тастады: Қарағандыда газ жарылып, бір адам көз жұмды
Өрт 2 шілде 20:30-да Тасқала кентінде болды, деп хабарлайды "Мой город" порталы.

"Газ-ауа қоспасының жиналуы салдарынан ас үйде газ жарылып, үйдің шатыры өртенді. Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД жеке құрамының 12 адамы мен үш техника жұмылдырылды", - делінген облыстың ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

49 жастағы әйел көз жұмды, ал 12 жастағы бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Оның денесін 85 пайыз күйік шалған. Қазір ол өте ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатыр.

Өрттің алдын ала себебі – газ жабдығын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу. Мамандардың айтуынша, үй иелері плитаны орнатқан кезде  газ қызметінің мамандарын шақырмай, газ құбырларын өз бетінше қосқан.

Жаңалықтар
0