Өңірлер

Полицейлер пәтерді жауып тастады: Қарағандыда газ жарылып, бір адам көз жұмды

Газовое оборудование  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2021
Жазылу
Апат ошағынан 25 жастағы жігіттің денесі табылды. Ол пәтерде ағасымен тұрған

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым — Sputnik. Қарағандыда газ жарылып, 25 жастағы жігіт мерт болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Газ жарылған пәтерді полицейлер жауып тастады. Апат салдарынан 25 жастағы жігіт көз жұмған. 

"Екі рет дүңк еткендей болды. Теледидар көріп отыра бердім. Содан кейін ас үйде бірдеме құлағандай болды. Жүгіріп шыққаным сол еді, астаң-кестең болды да кетті. Кіреберіс есігім құлады. Көршілер айқайлап, "далаға шығыңдар" деп жатыр. Қашып шықтым", - дейді Қарағанды қаласының тұрғыны Галина Рыжилкова. 

Оқи отырыңыз: Көкшетауда көлікке орнатылған газ баллоны жарылды – видео

Кейін апат ошағынан 25 жастағы жігіттің денесі табылды. Ол пәтерде ағасымен түрған екен. Көршілерінің айтуынша, олар ешқашан оғаш қылық көрсетпеген. Ал полиция апаттың себебін әлі айтпады. Дегенмен көршілері марқұм құлаған қабырғаларға жаншылып қалғанын айтады. Төтенше жағдайлар департаменті жарылыстан көпқабатты үйдің құрылымына зиян келмеді деп отыр. Апаттан кейін аудандағы он шақты үй орталықтандырылған газдан ажыратылып, көгілдір отын бүгін ғана берілді.

Жаңалықтар
0