Оқиға

Сағынтаев Алматыдағы атыста қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматинец расстрелял пять человек, в том числе двух полицейских и судисполнителя. Фото с места событий
Алматинец расстрелял пять человек, в том числе двух полицейских и судисполнителя. Фото с места событий - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2021
Жазылу
Атысты бастаған адам 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек – Sputnik. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласындағы атысты қайтыс болғандардың жақындарына көңіл айтты. 

"Алатау ауданында болған қайғылы оқиғадан қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамын. Барлық тиісті көмек пен қолдау көрсетіледі", - деп жазды ол twitter-дегі парақшасында.

Алматыдағы атыс

Алматыда Алатау ауданы Ақбұлақ шағын ауданындағы Сыздықов көшесінде 5 адамды атып өлтірді. 

Екеуі полицей және бір сот орындаушы, тағы екі адамға қатысты ақпарат нақтыланып жатыр.

Трагедия шамамен сағат 17:00-де болған. Сот орындаушысы мен полицейлер сот үкімін орындауға келген. Сол кезде баспананы босатуға міндетті ер адам үйге кіріп кетті де, заңды түрде тіркелген қарудан сот орындаушысы мен аулада тұрған адамдарға оқ атты. Қайтыс болғандардың ішінде біздің екі қызметкеріміз, сот орындаушы және тағы екі адам бар.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. 

Ондай қылмыс үшін 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Оқи отырыңыз: 

 

 

 

Жаңалықтар
0