Оқиға Алматы қаласының Ақбұлақ шағын ауданындағы Сыздықов көшесінде болған.
54 жастағы Алматы тұрғыны 5 адамды атып тастады. Алматы қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, олар сот үкімін орындауға келген.
Үкімге сәйкес, үй иесі баспананы босатуға тиіс еді. Бірақ ер адам қарсылық көрсетіп, екі полицей мен сот орындаушыларға оқ атқан.
Алматы полициясы атыстың қалай басталғанын айтты. Қайтыс болғандардың арасында үйдің жаңа иесі де бар.
Ер адамның қаруы заңды түрде тіркелген болып шықты.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Ондай қылмыс үшін 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Оқиға орнында не болып жатқанын видеодан көріңіз.
Оқи отырыңыз:
- Алматыдағы төтенше оқиға: әлеуметтік желіде атыс туралы ақпарат тарап жатыр
- Алматы полициясы атыс қалай басталғанын айтты
- Алматыдағы төтенше оқиға: ер адам үйдің жаңа иесін атып тастаған